• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:29:33
Алматы
+35°

Тараз қаласы «Жеңіс» саябағындағы «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі «Даңқ» залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған бірқатар мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елге қызмет етуді мақсат тұтқан олардың қызметке алғаш кіріскен күннен бастап, халық алдында ашық болуы, қалың бұқараның мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруы басты парыз. Өзінің функционалдық міндеттерін мінсіз орындау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өзгеге үлгі болу секілді көптеген жауапкершіліктерді жүктейтін мемлекеттік қызметтің маңыздылығын ұғындыру мақсат етілген салтанатты шараны облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, құттықтау сөз сөйледі.

– Құрметті әріптестер, сіздерді ҚР Конституциясы мерекесі қарсаңындағы ант қабылдау рәсімімен құттықтаймын. Себебі, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы айрықша, екіншіден Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан–2050» Стратегиясында кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін мемлекеттік қызметке қабылдау мен қызметтік өсуде мемлекеттік қызметшілердің осы қызметке лайықтылығын ескеру, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу, құқықбұзушылықты болдырмау, қоғамда мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, халық пен Отанға адал және таза, мінсіз қызмет етуі секілді басым бағыттар айқындалған. Сіздер үлкен жауапты жұмыс атқаруға қадам басып отырсыздар. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық озық үлгісін құрумен қатар, елімізде заң үстемдігін орнату, жемқорлықпен күрес жүргізу саясатын іске асыру әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Сондықтан біз сіздерге мемлекет тарапынан, халықтың атынан артылған осындай жауапкершілікті абыроймен атқарады деген үлкен сенімдеміз, – деді.

Жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев 24 жылдың ішінде қабылданған көптеген жаңа заңдар халық игілігіне қызмет етіп жатқанына тоқталды.

Салтанатты шара барысында облыс әкімдігінің басқарамасы мен Тараз қаласы әкімдігі және бірқатар аудан әкімдігінің бөлімдеріне жаңадан қызметке қабылданған 10 қызметші көпшілік алдында ант берді. Соның бірі – Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Мақсат Рахымбекұлы.

Өз кезегінде ол ант қабылдау рәсімі үлкен жауапкершілікті сезіндіретінін тілге тиек етіп, алдағы уақытта мемлекеттің мүддесі үшін қызмет ететінін, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі үшін бар күш-жігерін аямауға ант беріп, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуды парызым санайтынын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір