• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:17:32
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2019 NEWS

Қазақстандықтар Дубайда төбелес шығарды

Бұл туралы Дубайдағы ҚР бас консулдығы хабарлады. 

Қазақстандық туристер БАӘ-дегі қонақ үйлердің бірінде төбелес шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Дубайдағы ҚР бас консулдығы хабарлады. 

Ресми дерек бойынша, қазақстандық туристер ішімдік ішіп жатқан кезде төбелес шығарған. 

Қонақ үй қызметкерлері полиция шақырған. Тәртіп сақшылары төбелес және алкогольдік ішімдік ішу фактісі бойынша екі хаттама жасады.
 
"Кейін екі тарап татуласып бірінші іс бойынша іс тоқтатылды, алайда екінші іс бойынша материалдар сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.  Сондай-ақ қазақстандықтарға үлкен мөлшерде айыппұл салынады. 
 
Бас консулдық барлық туристерді заңдарды сақтауға шақырады және барлығына БАӘ заңнамасында алкогольді пайдалануға тыйым салынғанын ескеруді ұсынады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір