• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:08:21
Алматы
+35°

Жамбыл облысында Елбасы бастамасымен қолға алынған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының өңірлік баламасы ұрпақты өңірдің терең тарихымен таныстырып, өлкедегі әр заманға жататын ескерткіштер жайында мәліметтер ұсынады. Ал ол ескерткішінің кейбірі тарихи тұлғалалар арналып қойылған. Ғасырлардан ғасырларға жеткен бұл көне жәдігерлер сол дәуірдегі қазақ мәдениетінен, күнделікті тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді. Сондай ескерткіштердің бірі Талас ауданындағы Сейілбек ауылы маңындағы Бөлтірік шешен мемориалы, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бөлтірік Әлменұлы XVIII–XIX ғасырларда ғұмыр кешкен тарихи тұлға. Қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Шоқпар ауылы маңында дүние есігін ашқан. Аңыз-әңгімелерде сөзге шешен, тапқыр, ой-жүйрік Бөлтірікке бұл қасиетті нағашысы Қарменде биден сіңгені айтылады. Ауыл-аймақты, ру, болысты былай қойғанда Бөлтірік аты еларалық мәселелерді қантөгіссіз шешу қабілетімен шыққан. Тіпті қазақтың соңы ханы саналатын Кенесары хан бастаған ұлт – азаттық қозғалыстарға қатысқан. Шешеннің өз заманында атақты Балпық би, андас Құтым би, мырза Жинақ би, сары үйсін Сары би, ботпай Сыпатай би, Байсерке би, албан Малай би, Ноғайбай би, тобықты Құнанбай мырза және Сұраншы батыр, Сыпатай батыр, Тезек төре сияқты игі жақсылармен бірге ел басқару ісіне белсене атсалысқан. Оның еларалық дауды қара қылды қақа жарғандай әділ шешуі Бөлтірік шешеннің есімін қырғыз, өзбек елдері арасында танымал етті. Кейіннен Бөлтірік шешеннің нақыл сөздерін Ахмет Байтұрсынов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Сәкен Сейфуллин, Зейнолла Қабдолов сынды тарихишы, ағартушы ғалымдарының еңбектеріне кеңінен зерттелген. Халық ақыны Кенен Әзірбаевтың «Аңыздар сыры» атты дастаны бар.

Көзі тірісінде әділдігімен, туралығымен танылған Бөлтірік шешеннің денесі қазіргі Талас ауданы Сейілбек ауылында жатыр. Мұнда қазірақ мәрмәр тақталармен қапталған кесене орнатылған. Екі жыл бұрын «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында пайда болған өңірлік жобасына енгізілген нысан аймаққа жолы түскен қонақтар мен жергілікті тұрғындардың жиі ат басын бұратын орын саналады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір