• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:49:02
Алматы
+35°

7 қыркүйекте Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңында 30-ға жуық адам жиналып, «қытай экспансиясына қарсы» наразылық білдірді. Олар сондай-ақ жазасын өтеп жатқан қоғамдық белсенді Макс Боқаевты босатуды да талап етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі azh.kz сайтының дерегін негізге алып. 

— Мұны ешкім ұйымдастырған жоқ. Алаңға елімізде болып жатқан келеңсіздіктерге бей-жай қарай алмайтын азаматтар жиналды,- дейді Б. Мұханалиев.

Атыраулықтар биліке екі талап қойып отыр. 

— Екі талап. Біріншісі - Қазақстан аумағында салынатын 55 қытай зауытының құрылысына жол бермеу. Екіншісі – жазықсыз сотталған, өз елінің нағыз патриоты Макс Боқаев бауырымыздың босатылуы. Ол азаматтың саяси ойындардың құрбаны болып, жазықсыз түрмеде отырғаны бәрімізге аян. Билік алаңға шығып сөйлейтін, жүрегі елім деп соққан азаматтардың ауыздарын жауап тастады. Мұның бәрі, айналып келгенде, тәуелсіздігімізден айырылып қалу қаупін тудырады емес пе?

Қатысушылардың айтуынша, бұларды алаңда полиция мен ҰҚК қызметкерлері бақылап тұрған, алайда ұстауға және таратуға әрекеттер жасамаған.

Сондай-ақ митингке шыққандардың бірі қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қыздары азаматтығынан айырылсын деген талап қойып отыр. 

Алаңға Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан БИСЕМБИЕВ келіп, біздің жиналуымыз "алдын-ала келісілмеген" заңсыз митинг екенін айтты. Барлығымызды облыстық әкімдікке шақырып, талаптарымызды қағаз жүзінде тапсыруымызды сұрады,- дейді Мұханәлиев. - Біз келісіп, талаптарымызды жазбаша білдірдік, сондай-ақ, 21 қыркүйекте орталық алаңда бейбіт митинг өткізуге өтініш жаздық. Өтінішке 4 адам қол қайды. Қасымызда болған әйел адам 19 қыркүйекте жалғыз адамдық пикетке шығу туралы өтініш жазды. Жауап күтеміз. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір