• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:52:02
Алматы
+35°

Бүгін, 3 қыркүйекте Алматы әкімі жанындағы Іскерлік кеңестің алғашқы отырысы және ШОБ қолдау шараларын талқылаған кәсіпкерлердің жыл сайынғы V конференциясы өтті.

Кездесуге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен оны дамыту әкімдік жұмысының стратегиялық басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бүгінгі күні шағын бизнес – жаңа жұмыс орындарын құрудың басты драйвері, сондықтан аудандар әкімдіктері мен қала басқармаларының жұмыстары жергілікті жерлерде сапалы еңбекпен қамту арқылы бағаланатын болады»,  деді қала басшысы.

Негізгі мақсат – Алматыны Орталық Азияның бизнес-хабы жасау. Қалада оңтүстік астананың Азияның маңызды экономикалық және қаржы орталығы, өңірлер мен әлемнің өзге меаполистерімен бәсекеге түсе алатын қаласы болуы үшін барлық жағдайлар жасалады. Б. Сағынтаев кәсіпкерлікті дамытатын «Алматы Бизнес 2025» бірыңғай өңірлік бағдарламаның жасалғанын хабарлады. Ол негізгі бес бағыттан тұрады, әкімшілік кедергілерді азайту, бизнесті қаржыландыруды ұлғайту, өндіріс, сервис және сауда үшін инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлік негіздерін оқыту және инвестициялық жобаларды кешенді жүргізу сынды мәселелерді қамтыған.

Бағдарлама тетіктері ең алдымен шағын бизнесті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға, жас азаматтардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған.

Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнесті дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты. Мысалы, «Red Dragon Almaty» ЖШС құрылтайшысы Константин Авершин сауда объектілері мен көлік арқылы қызмет көрсететіндердің жұмысын реттеу үшін нормативті-құқықтық актілер әзірлеуді ұсынды. Ол құжатты әзірлейтін жұмысшы тобының құрамына іскер бизнесмендердің енуі тиіс екенін айтты.

«Жалайыр» ЖШС компаниясы тобының бас директоры Артур Котенёв ЕДБ мен ПНҚ-да кепілде тұрған пайдаланылмаған жерлерді айналымға шығару механизмін әзірлеуді ұсынды. Кәсіпкердің пікірінше, бұл бос жер учаскелерінің тапшылығын жоюға ықпал етеді.

Жеңіл өнеркәсіпке, әсіресе Made in Kazakhstan бренді бойынша киім шығаратын кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажет екендігі сөз болды. Кәсіпкерлер жер қатынастары саласының жұмысын жақсартуды өтінді.

almaty.gov.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір