• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:27:34
Алматы
+35°

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  Нұрлыбай Аққұлов Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің Бірінші хатшысы Исибики Юкионы қабылдады. Кездесу аясында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және болашағы туралы баяндады. Сондай-ақ, туризм, логистика және энергетика салаларын дамыту мәселелерін талқылады. 1

Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Жапония арасындағы өзара сауда көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде 3,668,38 мың долларды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6% -ға көп.

Кездесу соңында Исибико Юкио Маңғыстау облысының басшылығына тығыз ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмыс нәтижесінде құнды тәжірибе жинақтағанын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір