• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:37:58
Алматы
+35°

Қала әкімінің өкімімен Бақытжан Наурызбеков Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Б. Наурызбеков 1983 жылы 2 тамызда туған. 2005 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, 2014 жылы Тұран университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаментінде қызмет көрсетуді дамыту бөлімінің маманы ретінде бастаған.

2005-2016 жылдары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаменті сауданы дамыту бөлімінің бастығы, Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік пен индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары Медеу ауданы әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы.

almaty.gov.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір