• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 16:43:05
Алматы
+35°

Шындығында аталған ұйымның немен айналысатынына мән бере бермеуіміз
мүмкін. Бірақ азаматтық қоғамда барған сайын Үкіметтік емес ұйымдардың
(ҮЕҰ) қатары артып келеді. Көп жағдайда аталған ұйымдарды үшінші сектор
деп те атайды. Жалпы неге аталған топ «үшінші сектор» деп аталады. Мұның
себебі неде? Ал сонда бірінші, екінші сектор не? Атап айтар болсақ, бірінші
сектор ол – мемлекет. Қарапайым тілмен айтқанда, біздің өмірімізді бақылап,
ретке келтіріп басқарып отыр. Мемлекет кез келген адамның құқық,
бостандығын, өмір сүруі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал екінші
сектор бұл – коммерциялық ұйымдар, нақты айтқанда бизнес. Ол – сенің
жеке табысың, жұмысың, пайда керетін қайнар көзің.
Ал үшінші сектор деген не, сонда? Ол коммерциялық бизнес емес. Бұл
бірнеше адамдардың бірлесіп, қоғамдасып жұмыс істейтін тобы. Олар пайда
табумен айналыспайды. Олар әртүрлі қызметпен айналысуы мүмкін. Ең
бастысы, Үкіметтік емес ұйым олар – белсенділер. Олар қоғамда
азаматтардың белсенділігін оятады. Олар қоғамға пайдалы жұмыстармен
айналысады.
Рас, Қазақстан мемлекеті Үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсетеді.
Аталған ұйымдар арнайы жобаларға қатысады, сөйтіп мемлекеттік тапсырыс
алады. Арнайы бас қосқан жиындарда олар келелі мәселелер көтереді. Бұл
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара тығыз байланысы екендігін айта
кеткен жөн.
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қоғамның әртүрлі саласын қамтиды.
Атап айтар болсақ, олар экология саласын зерттеп, өз ұсыныстарын айтуы
мүмкін. Оларды гендерлік мәселелер де сырт қалдырмайды. Адам құқығын
қорғау мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобын қорғау секілді
шаралармен айналысуы ықтимал. Жалпы үкіметтік емес ұйымдар
айналысатын салалары өте көп.
Әрине, аталған ұйымдар барлық заңдық жағынан қорғалған. Атап айтар
болсақ, 2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», сондай-ақ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.
2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат
тұжырымдамасында «Үкіметтік ұйымдардың мәртебесін жетілдіру керек.
Құқықтық реттеу тетіктері үкіметтік емес ұйымдар қызметінің
ерекшеліктерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қолдауды
қамтамасыз етуді ескеруі тиіс» деп атап көрсетілген.
Біз мақала барысында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет қолдау көрсетіп
отыратынын жаздық. Негізі аталған ұйымдар қайдан қаржыландырылады
немесе жұмыс қалай жүзеге асады? Енді осы мәселеге тоқталайық.
1. Олар үкіметпен іс-қимылын үйлестіреді.
2. Оларға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беріледі.

3. Гранттардан бөлек, Үкіметтік емес ұйымдарға арнайы сыйақы
тағайындалады.
4. Сыйақылар әлеуметтік міндеттерді шешуге үлес қосқандары үшін
беріледі.
5. Сыйақылар 15 аталым бойынша ұйымдастырылады.
6. Бұл өз кезегінде үшінші сектордың орнықты дамуына септігін тигізеді.
7. Үкімет тарапынан қолдау азаматтық қоғам институттарының
нығаюына мүмкіндік береді.
Әрине, айтатын ақиқат нәрсе, үкіметтік емес ұйымдар саяси жұмыстармен
айналыспайды. Олар қоғамдағы азаматтардың белсенділігінің артуына
септігін тигізеді, оларға қолдау көрсету арқылы халықтың көзін ашады.
Негізінде үкіметтік емес ұйымдар әртүрлі атаумен жұмыс істеуі мүмкін. Олар
– қайырымдылық немесе әртүрлі қорлар, коммерциялық ұйымдар болуы
ықтимал. Үкіметтік емес ұйымдар аймақтық, мемлекеттік немесе
халықаралық деңгейде шара ұйымдастыра береі. Айта кету керек, олардың
барлығы да ерікті негізде құрылады және өз-өздерін басқарады. Нақты
айтқанда, Үкіметтік емес ұйымдар халық пен мемлекет арасындағы алтын
көпір іспетті.
Тарихқа жүгінер болсақ, Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тұрғыдан
қаржыландыру 2002 жылдан бастау алдыдесе де болады. Сол кезден бастап,
аталған ұйымдарды қолдау туралы тұжырымдама бекітілді. Кейіннен
үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың арнайы бағдарламасы қабылданды.
2003 жылдың қазан айында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың қатысуымен тұңғыш Азаматтық форум, яғни үкіметтік емес
ұйымдардың алғашқы съезі өтті.


Айта кету керек, үшінші сектордың келелі мәселелерін талқылайтын жиын
тұрақты өткізіліп тұрады. Бір ғана мысал, 2018 жылдың қараша айында
Азаматтық форумның VIII кеңесі өткені белгілі. Оған Қазақстанның Тұңғыш
президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Үкіметтік емес
ұйымдардың ел дамуындағы рөлінің зор екендігін айтты. Арнайы
тапсырмалар берді.
– Үкіметтік емес ұйымдар саны 2003 жылы 5 мың болса, 2018 жылы 22
мыңға дейін жетіп, төрт еседен астам өскен. Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қаржыландыру көлемі 65 есе өсіп, қазіргі кезде 20 миллиард
теңгеден асып отыр. Нәтижесінде, бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың
қызметі, іс жүзінде, қоғамымыздың маңызы бар барлық саласын қамтиды, –
деді Елбасы.


Еліміздің тұңғыш президенті бұл саланы жандандыруға бекер маңыз беріп
отырған жоқ. Өйткені Үкіметтік емес ұйымдар мемлекет үшін де, қарапайым
еңбек адамдары үшін де қажет. Нақты айтсақ, аталған ұйымдар қоғам үшін
керекті жобалармен жұмыс істейді. Бір жағынан аталған ұйым арнайы
гранттарды ұтып алып және белгілі дәрежеде қаржыландырылып отырса,
оның қоғам үшін және қарапайым адамдар үшін маңызы зор болады.
Рас, соңғы жылдары Қазақстан қоғамында азаматтық белсенділіктің күрт
артқаны байқалып келеді. Мұны күнделікті өмірден байқап та жүрміз. Демек,

үкіметтік емес ұйымдар халықтың даусын, мұң-мұқтажын билікке жеткізеді.
Нақтылай айтқанда, үкіметтік емес ұйымдар, яғни үшінші сектор мемлекет
пен халық арасындағы алтын көпірге айналып отыр. Демек, мұндай ұйым
керек және оның әлеуметтік мәртебесі қарапайым халық үшін барған сайын
арта түседі.


Әрине тағы айта кететін бір нәрсе, үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс
істесе, олар мемлекет пен халықтың тұрақты байланыс орнауына елімізде
тұрақтылық. Бізге де керегі сол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір