• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:44:25
+35°

Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Президент Телерадиокешеніне сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сұхбат барысында Джек Ма Тоқаевпен кездесудің өте жақсы екенін айтты. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен таңғаларлықтай кездесу болды. Ол мықты көшбасшы және ол өте қатты шабыттандырады. Оның өз еліне деген махаббаты мен құштарлығы маған қатты әсер етті... Бұл тамаша кездесу болды. Мен Қазақстанға 3-4 рет барғанмын. Әр барған сайын Қазақстанның табиғаты, қазақ халқының батырлығы мен еңбексүйгіштігі мені таңғалдырды. Қазақстанға барған сайын көптеген қызықты орындарда боламын... Мен сіздердің елді жақсы көремін, оның мәдениетін жақсы көремін және жаңа достар табуды ұнатамын. Сіздерде Геннадий Головкин сияқты батыр бар! Сіздердің халық өте қонақжай", - дейді Джек Ма. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір