• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:52:22
Алматы
+35°

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Жамбыл облысы Жамбыл ауданында биылғы жылы 1 181 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде 1 014 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 85,8 пайызға орындалып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бағдарламаның 1 бағыты қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша республикалық бюджеттен 41 млн 905 мың теңге бөлініп, 220 адамды оқыту жоспарланып, 1-2 кезең бойынша 257 адам жолданды.

Бағдарламаның 2 бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында 2019 жылға 120 адамды кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, 140 жұмыссыз азаматтарға несие беру және 74 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр.

Есепті кезеңде «Атамекен кәсіпкерлік палатасы» арқылы 1-2-3 кезең бойынша 123 адам оқуға жолданды. 45 адамға 174,3 млн теңге көлемінде шағын несие берілді.

Бағдарламаның 3 бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша азаматтарды мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар аясында жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарына тарту мақсатында 2019 жылы 182,5 млн теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 627 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде нақты 589 адам орналасты. Атап айтқанда:

- әлеуметтік жұмыс орындарына 108 адам (жоспар – 100 адам);

- жастар тәжірибесі бойынша 216 адам (жоспар – 220 адам);

- ақылы қоғамдық жұмыстарға 265 адам (жоспар – 307 адам).

Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 106 дәрігерлер мен 492 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғындарға дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 12,8 промильді құрады.

2019 жылы 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 18,67 промильді құрады. 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 5,46 промильді құрады.

Биыл ана өлімі тіркелмеген. Ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 5,7 промильді құрады. Нәресте өлімі бойынша 9 жағдай орын алған.

Ағымдағы жылы 20 адамда туберкулез ауруы анықталды. 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандар көрсеткішінің коэффиценті 37,5 промильді құрады.

Сонымен қатар, 100 мың адамға шаққанда қант диабетімен науқастанғандар коэффициенті 85,3-ні, қан қысымымен науқастанғандар коэффициенті 1 668,9-ны, жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары 78-ді, наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіші 87,7-ті құрап, жүйкесі сыр бергендер көрсеткіші 11,0-ге жетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір