• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:41:12
+35°

Жамбыл өңірінде халық кие тұтып, киелі деп санайтын орындар аз емес. Соның бірі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Ақыртөбе ауылы маңындағы Топағаш деп аталатын жер. Жергілікті тұрғындар бұл жерде әйгілі Бәйдібек бидің бәйбішесі болған Домалақ ана өрнек тоқығанын айтады. Сондай-ақ жақын маңдағы «Сұмқайтты» жерін қазақтар жоңғарларды ойсырата жеңген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғам санасындағы жаңғырудың, қазақты құрметтеудің ең әуелі өлкенің тарихын танудан басталатындығын жазады. Расында бүгінгі ұрпақ өлкенің тарихына жетік болу арқылы ғана бабалар аманатына адалдық таныта алмақ. Сол секілді батырлар мен әулие ананың ізі қалған Топағаш жері турасында адам айтса нанғысыз аңыз-әңгімелер өте көп.

–Оның бірінде бұл маңда атақты Мақтым Ағзам Қожаның немересі Нұриланың өрнек тоқығаны айтылады. Сондай-ақ бұл осы маңға таяу жерде орналасқан Сұмқайтты жерінде Бөгенбай батыр бастаған қазақ қолы жаудың бетін қайтарған көрінеді. Осы бір кескілескен шайқаста көз жұмған батырлардың денесі де осы маңда жер қойнына тапсырылыпты, –дейді Топағаш жайында шырақшы Ғалымжан Ұзақбаев.

Шырақшының айтуынша бұл жерге тәу ете келгендер ең әуелі құдықтан су ішіп, топтана өскен ағаштардың түбінде тұрып тілек тілейді екен. Дәл осы топтана өскен ағаштардың жапырақтарының әр түрлі болуы да бұл жердің киелілігін аңғартып тұр. Тіпті Топағашта тоғыз емдік қасиеті бар тас, үш тай, үш қасқыр, үш үкі, үш ақ жылан, екі елік болғандығы да айтылады. Топ ағаш деген атауы да мұнда ағаштардың топтана өсуіне бола айтылған. Шырақшы Ғалымжан Ұзақбаев бұл ағаштардың о дүниелік болған кісілердің мүрдесінен өсіп шыққанын тілге тиек етеді. Тіпті бұл қасиетті орынға келгендер бұл орынға қатысты тылсым деректерді жалықпай айтуға әзір. Олардың бірі мұнда өз қолымен түсірілген фото суретте намаз оқып тұрған кісі сұлбасы анық көрініп тұрғанына назар аударады.

Жергілікті тұрғындар бар тылсым сырын ішіне бүккен осынау орында жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бұл орынның Домалақ анаға қатыстылығы нақтыланса деген ұсыныстарын айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір