• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:56:33
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы міндеттерді сапалы орындау мақсатында Әулиеата өңірінде тың бастамалар қолға алынып, жарқын жобалар жүзеге асуда. Алдағы мақсаттардың да ауқымы үлкен. Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ұсынып отырған қосалқы шаруашылықтарды дамыту пилоттық жобасының берері мол болмақ. Оған негіз де жоқ емес. Өйткені, аймақ басшысы әрбір ауданға арнайы ат басын бұрып, жекелеген аулаларды өзі аралады. Жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Жаңа жобаның ұйымдастырылу мәселесі бойынша тиісті мамандармен жан-жақты ақылдасты. Соның нәтижесінде өмірге келген жоба күні кеше Үкімет тарапынан да қолдау тапты.

Бұл тұрғыда барлық ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін әр ауылдық округте 10 пилоттық көпсалалы кооперативтер тіркелді. Пилоттық жобаның бірінші және екінші бағыттары бойынша өнім өндіруге, алғашқы өңдеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 734 миллион теңгенің қажеттігін анықталып отыр. Сондай-ақ егін егетін және жинайтын техникамен кооперативті жабдықтау үшін 1,4 миллиард теңге керек. Ал сапалы тұқымдарды, тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алу және кооператив жұмысының алғашқы екі айына қажетті айналым қаражатын қоса есептегенде 557 миллион теңге қажет.

Жалпы кооперативтерді құру және жабдықтау үшін барлығы 2,7 миллиард теңге қажет.

Әрбір кооператив жұмыс істеп тұрған 13 қайта өңдеу кәсіпорнына байланатын болады. Осының есебінен сүт өңдеу жүктемесі 56 пайыздан 79 пайызға, ет өңдеу – 36 пайыздан 58 пайызға дейін артады.

Кооперативтердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін типтік құжаттар, басқарудың оңтайлы моделі әзірленді. Сонымен бірге, бухгалтерлік есеп және іс құжаттарын жүргізу үшін әрбір кооперативтің құрамына «Тараз «ӘКК» АҚ енгізілді.

Айт кету керек, пилоттық ауылдық округтерде қосалқы шаруашылықтан бөлек 137 шағын жобалардың тізімі жасақталды.

Оның 16-сы ауыл шаруашылығына қатысты болғаннан кейін жобаға сұратылып отырған 7,2 миллиард теңгенің есебінен қаржыландыру көзделіп отыр. Қалған 121 жобаға 469 миллион теңгеге жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Бұл жобаларға қатысушы отбасыларында 1 117 адам болса, оның еңбек жасындағыларының 244-і жұмыссыз, 103-і зейнеткерлер. Ал 32 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушылар тобынан.

Бүгінде несие алушылардың алғашқы базасы жинақталды, несие кепілдігін қамтамасыз етуге мүліктері бар. Жобалардың іске асуымен 385 жаңа жұмыс орындары құрылып, 137 жеке кәсіпкерлік субъектілері тіркеледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір