• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:39:51
+35°

«Рахат» АҚ фирмалық дүкендерінде жаңа қаптамадағы «Almaty» кеуекі шоколады сатылымға шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қаптамада Алматы қаласының төлқұжатына айналған қаланың ең көрікті жерлері мен ғимараттары бейнеленген.

Иллюстрация авторы белгілі суретші-карикатурист -,Мұрат Ділманов.

«Бұрын-соңды тауар қаптамасына сурет салған емеспін. Бұл алғашқы тәжірибем. Өзім Қызылорда облысында дүниеге келгенмін. Үш жасымда Алматыға көшіп келген кезде бір айдай отбасымызбен «Қазақстан» қонақүйінде тұрдық. Сол кездегі әсерлер әлі есімде. Суреттерді бала шақтан қалған алғашқы әсер негізінде салдым. Ассорти шоколадының қаптамасында қаладағы ескі ғимараттар ғана емес, Алматының қазіргі жаңа ғимараттары, трамвай және метро бейнеленгенін байқаған боларсыздар. Суретті толықтай салып шығуға бас-аяғы үш ай уақыт кетті. Бұл жалғыз менің жұмысым емес. Мен тек иллюстрациясын салдым. Бұл жоба аясында менімен бірге біраз жандар тер төкті. Мұны ортақ жұмыс деп санаймын» - дейді Мұрат Ділманов.

Мұрат Ділманов

Жақында ғана жаңа қызметке кіріскен «Рахат» АҚ маркетинг директоры Фарида Акимбаева: «Жаңа қаптамадағы «Almaty» шоколады көпшіліктің көңілінен шығады деген сенімдеміз. Ескі қаптамаға қарағанда жаңа қаптама түстері ашық, тартымды, сүйікті қаламыздың нағыз бейнесін көрсетіп тұр. Суретші Мұрат Ділманов Алматы келбетін келтіріп, шоколад қаптамасын әрлендіріп жіберді. Оның салған суреттері көңілімізден шықты. Қазақстанның тәтті кәмпит-шоколадтары отанымызда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал екені жасырын емес. Кәде сый ретінде көп тартылады. Жаңа қаптамадағы шоколадты «Алматыдан базарлық» деп игі тілекпен сыйлауға болады»-дейді.

рахат

«Рахат» акционерлік қоғамы – 75 жылдық тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ең ірі өндіріс орындарының бірі.

рахат

Кондитерлік өнімдер соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен алғаш рет 1942 жылы арақ – ликер шығаратын зауыт алаңында шығарылды.

 «Рахат» АҚ-ында 4500-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі өндіріс орнында шоғырланған.

Өндірістің жан-жақтылық сипаты, ауқымдылығы және какао дәндерін қайта өңдейтін жеке желінің болуы, отандық өндірушілермен салыстырғанда, кәсіпорында кондитерлік өнімдердің алуан түрін шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Рахат» АҚ-ының өнім қоржыны 14 топқа бөлінетін, 400-ден аса атауға ие, алуан түрлі кондитерлік өнімдермен  толыққан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір