• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:34:11
Алматы
+35°

Мұны өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте

Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Болат Ережепов айтты. 

-«Маңғыстау облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2846,1 шм құрайды. Оның ішінде, республикалық маңыздағы – 1049 шм, облыстық және жергілікті маңыздағы – 1 797,1 шақырым. Облыста жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 92 %-ды құрайды. Облыстық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары бойынша – 410,3 шақырым, оның ішінде қайта құрылымдау жұмыстары – 191,5 шм, су өткізгіш құбырларын қайта құрылымдау – 19 дана, орташа жөндеу – 218,8 шақырым. Құны 27 015 млн. теңге»,-деді Б.Ережепов

          «Ақтау-Қаламқас» және «Таушық-Шетпе» автомобиль жолындағы жасанды имараттарды қайта жаңарту 3 кезеңі бойынша 19 дананы құрап, құрылыс жұмыстарының басталуы – 2018 жыл, аяқталуы – 2019 ж. Жобаның құны 872 млн.теңге. 2018 жылға жергілікті бюджеттен 7,8 млн. теңге қаржы бөлініп, су өткізгіш құбырлары сатып алынған. 2019 жылғы жергілікті бюджеттен 50 млн. теңге қарастырылып,  республикалық бюджетке 785 млн. теңге қаражат бөлуге өтінім берілді. (5 %)

         «Ата жолы» 0-51 шақырым учаскесі автомобиль жолын қайта жаңартудың бірінші кезең  жұмыстарының басталуы – 2017 ж.,жұмыстың аяқталуы – 2019 ж. Жобаның жалпы құны 5 041,8 млн.теңге. 2019 жылға дейін республикалық бюджеттен – 4 537 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 8,0 млн.теңге игерілді. 2019 жылға жергілікті бюджеттен – 496 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі таңда 39 шақырым аумағына асфальт төселіп, 12 шақырым аумағының жол негізі дайындалған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының 90 %-ы орындалды.

         «Жыңғылды-Шайыр-Шеркала мекені» 29,5 шақырым автомобиль жолын қайта жаңарту. Құрылыс жұмыстарының басталуы – 2017 ж., жұмыстың аяқталуы – 2019 ж. Жобаның жалпы құны 2 805 млн.теңге. 2018 жылға қайта жаңарту жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 800,0 млн. теңге бөлінді. 2019 жылға республикалық бюджеттен 505 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 150 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі таңда 19 шақырым аумағының жол негізі аяқталып, құрылыс-монтаж жұмыстарының 45 %-ы жүргізілді. «ХГМЗ жол қиылысынан №23, 24, 28 «А» шағын аудандарының қиылысына дейінгі жалпы ұзындығы 7,0 шм №55 автожолын қайта құрылымдау құрылыс жұмыстарының басталуы – 2017 ж., жұмыстың аяқталуы – 2020 ж. Жобаның жалпы құны 1 721,5 млн.теңге. 2019 жылға дейін 400 млн. теңге игеріліп, 1,5 шақырым жол кеңейтілді. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 400,0 млн. теңге бөлінген.

 

 

 

 

 

 

         «Құрық-Порт-Құрық» 22 шақырым автомобиль жолын қайта құрылымдау жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Жобаның құны – 8 263 млн. теңге. 2019 жылға дейін республикалық бюджеттен 7 713 млн. теңге игерілді. 2019 жылғы жергілікті бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 22 шақырым аумағына асфальт жабындысы төселді. Құрлыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге қажет.

         «Ата жолы» 51-97 шақырым учаскесі автомобиль жолын қайта жаңарту (2 кезең). Құрылыс жұмыстарының басталуы – 2019 ж., жұмыстың аяқталуы – 2020 ж. Жобаның жалпы құны 4 600 млн.теңге. 2019 жылға республикалық бюджеттен 2 041,0 млн. теңге бөлінді.

         «Шетпе-Қызан» (учаскі Тасмұрын-Мәстек) автомобиль жолын қайта құрылымдау 49-85 шақырым учаскесі. Жобаның құны – 2 493 млн. теңге. Нысанға 2018 жылы жергілікті бюджеттен 230 млн. теңге бөлініп, 23 млн. теңге игеріліп, қазіргі таңда жолдың 10 шақырым аумағынаның жол негізі жасақталған.

         «МАЭК» су жинау каналынан Құрық теңіз портына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңғырту (1 кезең). Құрылыс жұмыстарының басталуы  - 2019 ж., жұмыстың аяқталуы 2019 жылдың соңына дейін. Жобаның құны 3 162 636736 теңге.

Орташа жөндеу бойынша:

 «Ақтау-Қаламқас» 88-154 шақырым учаскесі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары 2016 жылы басталып, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Жоба құны 668,6 млн. теңге. 2019 жылға дейін 560,3 млн теңге игерілді. 2019 жылға республикалық және жергілікті бюджеттен 50/50 негізде 107 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 60 % аяқталды.

             «Шетпе-Ұштаған» 6-60 шақырым учаскесі бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталып, 2019 жылы аяқтау жоспарланған. Жобаның жалпы құны 946,3 млн. теңге. 2018 жылы республикалық бюджеттен 390,3 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2019 жылға республикалық бюджетке 555,9 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда 30 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

             «Тұщықұдық ауылына кіре беріс автокөлік жолдарын орташа жөндеу» 0-29 шм учаскесі бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталып, 2019 жылы аяқтау жоспарланған. Жобаның жалпы құны 415,3 млн. теңге. 2018 жылы республикалық бюджеттен 207,6 млн. игерді. Қазіргі таңда 15 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы жобаны аяқтауға жергілікті бюджеттен 207,6 млн. теңге бөлінді. (51 %)

             «Форт-Шевченко-Таушық» орташа жөндеу жұмыстары 0-52 шм жобаның жалпы құны 1,324 млн. теңге.  2019 жылы басталып,  2020 жылы аяқтау жоспарлануда. 2019 жылы 533 млн. теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Қазірге таңда құрылыс жұмыстары басталды.

             «Қызыл-Сенек» аудандық маңызы бар автомобиль жолында орташа жөндеу» 13,2-31 шм учаскесі бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталып, (қаржыландыру болған жағдайда) жылдың соңына дейін аяқтау жоспарда бар. Жобаның жалпы құны 360,6 млн.теңге. 2019 жылы  республикалық бюджеттен 200,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен  20 млн. теңге игерді.  Қазіргі таңда     14 шақырым автомобиль жол негізі салынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір