• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қазан, 16:36:12
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

27 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

«Ілияс ізімен» – Ресейге...

Мәскеу мен Петорбор сапарынан Ілияс туралы мол мағлұмат алып қайттық.

 Ілияс Жансүгіровтің небәрі 43 жылдық өмір жолы мен әдеби-ғылыми мұрасын түгендеу, қолда жоқ шығармаларын жинастыру, жазу мақсатында “Ілияс ізімен” халықаралық ғылыми-танымдық экспедиция Ресей жеріне барып қайтты. Осы игі мақсатта қаламгердің 125 жылдық мерейтойы аясында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Батталов мырзаның тікелей қолдауымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматы облысындағы филиалының ұйымдастыруымен Мәскеу, Петербор қалаларына сапар шекті.  Облыстағы “Достық үйі” мекемесінің директоры, белгілі қоғам қайраткері Тәңірберген Қасымберкебаев, ақын, өлкетанушы, қоғам қайраткері ҚХА Алматы облысындағы өкілдігі төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай және тағы басқа азаматтар бас қосқан ғылыми керуеннің ішінде журналист-жазушы Гүлжан Тұрсын, Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіровтің әдеби музейінің ғылыми қызметкері Салтанат Төлегенова, жас ғалым, ғылым магистрі, Республикалық «Жастар» конкурсының лауреаты, әдебиеттанушы Елдос Тоқтарбай және осы жолдың авторы 6 қыркүйек күні жолға шықтық.

Ілияс Жансүгіровтің жан-жақты талант иесі екенін халық әлдеқашан мойындаған. Қаламгердің сан-салалы асыл мұраларының құны жойылмағаны анық. Осы баға жетпес дүниелерді зерделеу — қазіргі ұрпақ еншісінде. Ілиястың шығармаларымен қатар, оның ғұмырлық жолын қарастыру да кешеуілдетуге жатпайтын мәселе.

Жас жігіт Ілияс арман-қиялға батып, әрі қарай оқуды аңсайды. Бірақ оның тағдыры — қатал әкенің қолында. Ілиястың әкесі туралы айтар болсақ, 1928 жылы Ілиястың өз қолымен жазған өмірбаянында «Жансүгір — әкем көзі тірі, жылы жылан, жетпіс  бірде» дейді. 1928 жылы 71 жастағы кісінің туған жылын анықтау қиын емес. Сонда Ілиястың әкесі 1857 жылы туған болса, биыл 2019 жылы 162 жасқа келіп отыр. Жансүгір халық арасындағы Жанақ, Шөже, Бақтыбай, Құлмамбет, Шернияз, Базар сынды жыраулармен қатар, Ақан сері, Біржан-Сара айтыстары мен шығармаларын мұқият жинап, оларды ел арасында кеңінен насихаттаған адам. Ал Сүйінбайдың жырларын Жансүгір сүйіп оқитын болған. Балаға суық, қатал Ілиясқа қара танытқан да өз әкесі болды. Қазақстанда аштық жылдарында Оңтүстік Қазақстан жақтағы канал қазу жұмыстарына қатысып (Мақтарал ауданында), сол жерде 1932 жылы дүние салады. Жерленген жерін Ілияс түгіл, бейбіт өмірде кейінгі балалары іздеп таба алмайды.

игигр

Балаларды оқытуға молданың жоқтығынан Ілиясты Жансүгірдің өзі оқытты. Жансүгірдің Ілиясты өзі оқытқандығы күткен үміті – кәміл хат таныту, өмір өрісінде еңбекке баулу, өлгенде «әкесіне арнап, молдаларға құран оқыту дәрежесіне іліндіру» болған. Бірақ Ілиястың бала жасынан ынтасы дүниетану болды. Зерделі бала өмірдің сырын білуді, айналасын тануды арман етті» («Азамат ақын». Алматы, 1994, 132-бет, Құсайын Шөкеновтың естелігі). Ол «Ғалия» мектебіне баруға құштар еді. Әкесі: «Осы оқуда аз болмас, шырағым Ілияс, сені көз алдымнан қайда жіберемін, қалай шыдаймын? Тағы оқимын дегенің болса, ана Абдыра Бекеттегі Сары молдадан оқы», - дейді. Ілияс, «Сары молданың жинап отырған оқулығы ылғи «Мұхтасар», «Бақырған», «Афтиек», «Құран», онымен қанша жерге барамын, Сары молдадан оқымаймын» — дейді әкесіне. «Оқымасаң онда ауылда бол» деген ойды бекем ұстанған әкесі Ілиясқа өзінен едәуір үлкен Жәмила деген қызды айттырып қосады. Үш-төрт жылдай отасқанда, бала болмаған соң әйелінің өз ризалығымен оны төркініне жібереді. Бұл - 1919 жыл. Кейін Тасыбай деген елдің Аманша Берентайқызы деген бір қызын алып береді. Аманшаға Ілиястың ықыласы күшті еді. Өкініштісі - Аманша ауру еді. Сол тұста анкета толтырғанда (1925) «әйелім  бар» дегені Аманшаны    айтқан.

«Шаруашылығымда бір атым және бір сиырым бар дегені - өз билігі өзінде, жеке отбасы болғаны» деп түсіндік.

Енді ол өзінің арман еткен оқуына аттанады. Бұл - 1925 жыл. Мәскеудегі ГИЖ-ге түседі. Онда Ілияс – 31 жаста. Аманша өзінің әпкесі Балдыбаланың қолында тұрады. Бұрынғы Садық-Сыдық поселкесінде (қазіргі Еркін селосы) қалады. Өйткені, ауру еді. Ілияс Мәскеуде жүргенде Аманша 1927 жылы босана алмай баладан өледі.

          Жоғарыда атағанымыздай, білімге жастайынан еліктеген Ілияс Мәскеудегі мемлекеттік Журналистика институтында білім алған тұңғыш қазақ. Ілекең осы институттан “журналист” мамандығы дипломын алып, түркі халықтары арасынан кәсіби журналист атанған бірегей қайраткер. Осы оқу орнының азды-көпті тарихына жүгінсек, журналистика институтының тарихы сонау 1918-1919 жылдардан басталады. Алғашқы жылдарында Қызыл Журналистика институты ретінде ашылған оқу орнының атауы әр жылдары Мәскеу журналистика институты, сосын Коммунистік Журналистика институты, кейіннен Халықтық Журналистика институты сияқты болып өзгеріп тұрған. Ілекең оқыған жылдары ГИЖ (Государственный институт журналистики) атанған еді. Қазіргі кезде Мәскеудің Моховая көшесіндегі М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің еншісіне көшкен екен. Қазіргі МГУ-дағы журналистика факультетін көрудің де бақытына ие болдық, бірақ сол күні демалыс болғандықтан, ішке кірудің мүмкіндігі болмады. Тек сыртқы ғимаратын көріп, Ілекеңнің табаны тиген жері осы екен ғой, деумен шектелдік. Бірақ, сол жердегі қаламгердің оқыған тұстағы архив материалдарының айтары мол екен екенін кейін білдік.

Ілиястың Мәскеуге дейінгі алған білімі сол кездің өлшеуімен аз болмаса керек-ті. Бірақ дерек үшін оның қажеттілігін айтпасқа болмас деген ойдамыз. 1910 - 1911 жылдары Маманұлы Тұрысбек қажы ашқан Сүттігендегі Қасен молдадан сауаттылығын жетілдіреді. Осы жылдардың бірнеше айын Қарағаштағы “Мамания” мектебінде өткізген. Бұл мектепте сол жылдары Мұстақым Малдыбайұлы, Файзрахман Жихангеров, әнші Майра Уәлиқызы, үлкен оқымысты, қоғам қайраткері Барлыбек Сыртанов, Ғабдолғазиз Мұсағалиев сынды мұғалімдер дәріс беретін. Қазақ сахарасының әр қиырынан Жетісуға білім дәнін себу үшін келген, жеті жұрттың тілін меңгерген, ғибраты мол сауатты оқығандардың тағылымды дәрісі Ілиястай оқуға ынтық баланың қиялына қанат бітіреді. Бірақ тұрмыс тауқыметі Ілиястың ары қарай жүйелі білім алуына тосқауыл болды. Осы мектепте оқып жүргенінде болашақ эпик ақын заңгер Барлыбек Сыртанұлын, Отыншы Әлжанұлын, Көлбай Тоғысұлын көрген, әңгімелерін естіген. Маман қажы ауылына атақты Әсет Найманбаев келгенде, өз заманының сал-серісі болған ақын әншінің өлеңін тыңдап, айтысына құныққан еді. Кейінірек осы сезімін өлең ретінде Әсетке арнап былай деп жазады:

«Сайрадың құйқылжытып, құбылжытып,

Тамсандым, таңдайымның суын жұтып,

Толқытып, толықсытып, емірентіп,

Қиқуға қызықтырдың, қылдың ынтық»... деп, еміренеді.

         Дүниенің астаң-кестеңі шығып, патша тақтан құлаған соң, ақтар қашып, қызылдар қуғанда, Ілиястың оқу оқып, білім алмақ түгілі өз айтқандай «жан қайғы...». Дегенмен, оқуға аңсары ауады да тұрады.Сәл бейбіт күн орнап, ел есін жиған тұста Ілиястың ол арманы орындала бастайды. Ілиястың бұдан кейінгі шығармалары баспасөз беттерінен жиі  шығып, творчестволық өсу эволюциясы басталады. Осы кезеңдегі  поэзияның денін былай деп көрсетеді: «Мен төңкерістен әрі жерде хат шығарып, қисса оқудан артық сауатым болмаған ауыл наданымын.

1917 жылдың тұрғысындағы бостандық пен көбейе бастаған газет-журналдар мені үлкен жазуға еліктірді. Еліккенен еш нәрсе шығара  алмадым...».

Әуелі Алматы, сонсоң Ташкент қалаларында барып, білім алады. Ташкентте оқып, білім алған тұсында, Ілияс тек білім алып қана қоймай, баспасөзге де араласады. Газеттің шығарушысы Ғани Мұратбаевпен танысып, өзінен онша үлкен болмаса да оған хат жазады. Ілекеңнің бойындағы талантын сезген Ғани өзінің ықыласын бергендіктен, алғашқы №1 «Жас Алаш» газетіне өзінің алғашқы жазғандарын газет бетіне шығарады. 1921 жылы «Жас Алаш» газетінде 22 мартта шыққан «Жас замандастарға» деген  бас  мақала менікі және сол нөмірде  «Жалпы жасқа» деген өлеңім де басылды. Менің алғашқы баспасөзге шыққан, бірінші шыққан мақалам осы» - дейді, бір сөзінде.

Ілияс сол тұста ел арасындағы ауыз әдебиетін жинау жұмыстарына да қатысады. Ел ішіндегі аңыз әңгімелер мен ертегілер, жыр-дастандарды  жинап, халық игілігіне арнайды. Сол тұста академик фольклорист Әбубәкір Диваевтың Ілиястың бойындағы әдебиетке жақындығын байқап, СРЕДАЗБЮРОНЫҢ фольклорлық мұраларды жинау жұмыстарына қосады.

Ілияс қазақтың кең байтақ даласында оның ішінде Нарынқол, Кеген, Жаркент, Жетісу және басқа жерлерін аралап, бірқатар әдеби мұраларды жинайды, оның біразын 1930 жылдары кітап етіп те шығарады. Мәскеудегі Ұлттық кітапханасында Ілиястың жинаған әдеби нұсқалары «Құл», «Албан Асанның «Ақыр заман» кітабы, «Жетісу», Бақтыбай, Сүйінбай, Шал ақын, Шортанбай, Бөлтірік ақын секілді кітаптарының сол шыққан күйіндегі жайын көріп, қуанғанымыз жасырын емес.

 Ол 1924 жылы 10 қыркүйектегі өмірбаянында ағарту институтында басқарушылық міндеті жүктелгенін, жасы отызда, бір үйде екі жан екенін айтып кетеді (Дерек: «Ілияс Жансүгіров ректор болған ба?» «Ілиястану ғылыми-практикалық орталығының аға ғылыми қызметкері Ш.Қыяхметованың «Жетісу университеті» газетіндегі №5(182) 22 мамыр, 2019 жылғы мақаласы).

Яғни, бұл құжаттың айтары - қазақ жеріндегі тұңғыш жоғары оқу орнының басқарушысы Ілияс болғандығын растайды. Ал қазіргі 90 жылдық тарихы бар қарт КазПИ-дің жазбаларында Ілиястың есімінің аталмауы неліктен екен деген сұрақ туындайды.

Әрине, Жоғары комунистік оқу орнына түсу, сол кездің талабы бойынша, оның әлеуметтік жайы мен ВКП(б) мүшелігі де үлкен роль ойнайтындығы да белгілі. Сол тұрғыдан келгенде, Ілияс оқуға түсу мақсатында партия мүшелігіне өтуі де тарихи жайт. Онсыз оқуға түсуі де неғайбыл. Сол құжаттың архивте сақталғанын айта кеткен жөн.Ол №21құжатта.

№21

ЗАЯВЛЕНИЕ В ЯЧЕЙКУ КПТ №7 ПРИ

УЙГУРСКОМ КЛУБЕ Г. АЛМА-АТЫ.

10 февраля 1924г.

Желая работать в рядах КПТ, как истинный защитник всех трудящихся масс, прошу зачислить меня кандидатом КПТ. Я по профессии газетный работник, т.е. культурно-просветительная [деятельность], и аульный учитель, по сословию бедняки-тузем[ные] дехкане. Был батраком у бая. Имущества никогда не имел и не имею в настоящее время. Живу[на] свой скромный заработок, по должности – секретарь газеты «Тльчи». Подробности моей биографии и положение приложено к  этому заявлению.

С товарищеским приветом

Джансугуров

Резолюция: Пред[ложить] с 5-лет[ним]стажем 5 человек. Еще 2-х поручителей с 5-летным стажем […].

Примечание: И.Джансугуров вступил в коммунистическому партию по Ленинскому призыву, т.е. в момент массового вступления сочувствующих в партию,  явившегося откликом на смерть В.И.Ленина.

ЦГАРК.Ф.1368.Оп.3.Д.64.Л.7.Ксерокопия.

Сол құжаттардың ішінде, Ілиястың өз қолымен жазған жеке парағы да сақталған.Ал Ілиясқа партияға өту үшін кепілдеме берген адамдардың ішінде, белгілі қаламгер Сара Есова мен қоғам қайраткері Абдулла Розыбакиев те бар.

№22

ИЗ ЛИЧНОГО ЛИСТКА КАНДИДАТОВ В ЧЛЕНЫ РКП(б)5

10 сентября 1924г.

Кандидатская карточка N1020, выдана Алма-Атинской городской организацией. Канд.Стаж с 2/Х 1924г. на «2» лет.

3.Фамилия                                                                                  Джансугуров

Имя                                                                                             Ильяс

Отчество                                                                                    Джансугурович

4.Пол                                                                                          Мужчина

5.Родился                                                                                   в 1894г

  1. Разговорный язык киргизский

7.На каких языках, кроме того, свободно говорите   Помалу-на русском

8.Число членов семьи при Вас (не включая Вас самого) Иждивенцев      ...жена, работников

9.Образование: а) грамотны ли (да-нет)                               Грамотен

б) Если учитесь, то где, как долго окончили курс или сколько классов прошли – Окончил двухгодичные курсы при Ташкентском киргизском институте просвещения в 1920-21г.г

10.Социальное и национальное происхождение – отношение к вам:

Дед с отцовской стороны                                                       бедняк, киргиз

Отец                                                                                          -«-, -»-

Мать                                                                                         [...] –»-

11.С какого возраста живете своим трудом:-С 17-ти лет; по найму или в своем хозяйстве (подчеркните) был батраком у бая (кулака)

12.Основная профессия или специальность - газетная работа.

Сколько лет работаете по этой профессии - четыре года в Советской и пролетарской печати, литературная и педагогическая [деятельность].

13.Основной источник средств к существованию до 1914 – Своим и отцовским трудом. С 1914 г по 1917г.-своим. С 1917г. До сих пор  - своим трудом.

14.С какого времени вы член профсоюза – с1921г.

15.Принимаете ли участие в настоящее время в профработе и какое именно – сейчас в Рабпросе и секции журналист[ов].

  1. Служили ли в армии (указать когда, род оружия, звание должность, участвовал в военных действиях в какой войне)…а) Царской армии - нет; б/ Красной армии - не был; в/ в белой, зеленой армиях – нет.
  2. Если участвовали в революционной работе до 1917 г. Включительно, то где, в какой области работали, как долго – нет.
  3. Подвергались ли репрессиям за революционную деятельность до Октябрьской революции – не был.
  4. Привлекались ли к судебной ответственности перед судами РСФСР – не был

22.Работе с 1917 г. (указать только опред. Длительную менее 3 месяцев).

 

Когда

Где

В каком учр. или предпр.

Должность /род работы

С 1917 по 1919г.

Капальский уезд

Аксуйская волость

Чернорабочий

С 1919г по 1921г

Ташкенте

Киринпрос и редакция «Акжол»

Учился (вместе с учеб[ными] занятиями был газет-[ным] работником)

1921-1923г.г

Аксуйская волость Талды-Курганский уезд

Бельтоганский мектеб

Аульным учителем

24.12.1923-1924г. до сего времени.

г.Алма-Ата

Редакция «Мектеб», газета «Тльчи»

Ответственным редактором

С 23.02.1924г

 

Киргизский институт просвещения

Директором

  1. Кроме того, указать главнейшую работу, не связанную с исполнением той или иной должности с 1917 г., специальные поручения, участие в комиссиях, обследованиях и.т.п.

Работал в комиссии по собиранию кир[гизской] литературы 1920г. Агитатором по заготовке фуражного фонда для скота кочевого населения по командировке Наркомзема Туркестана в 1921г.o

24.Сохраняете ли связь с деревней (да - нет) -нет

Подпись                                                                                         Джансугуров

Фамилия, имя и отчество

Партстаж

№ партбилета

Подпись

1.Есова Сара Сатбаевна

С 1920г.

Вр 79 №818

Есова

2.Умбетбаев Бейсембай

С 1918г

370373

Умбетбаев

3.Баймаков

С 1920г

ЧЧ908

Баймаков

4.Ш.Хасанов

С 1919г

379107

Хасанов

5.Киреев

С 1918г

389389

Киреев

6.Розыбакиев Абдулла Ахметович

С 1918г.

369260

Розыбакиев

7.Бабаев

С 1918г.

368727

Бабаев

¹Так в тексте

²Разница в заголовках документов о вступлении в партю объясняется тем, что Туркреспублика была упразднена осенью 1924г. в связи с национально-территориальным размежеванием в Средней Азии.

3«Акжол»  - газета, орган ЦК КПТ, выходило на казахском языке в 1920-1924 г.г., в дальнейшем «Ленин жолы» - орган Сыр-Дарьинского губкома РКП (б)

4 «Тльчи» (Тілші) – основано в 1918 г., называлась «Жетісу ішши халық мүхбірі», 1919г. – «Көмек», 1920г. – «Ұшқын», 1922-1922г.г. – «Кедей еркі», 1922-1929 –«Тілші», 1929-1934г.г. – выпускалась вместе с газетой «Еңбекші қазақ», 1934-1954г.г. «Сталин жолы». Ныне газета «Жетісу».

 

ЦГАРК.Ф.1368.Оп.3Д.63.Л.41.Ксерокопия

Оқуға жүрер алдында Ілиястың жүріп тұруы мен өзін ұстауы қандай күйде болғандығын қоғам мен орта жан-жақты бақылағанның күәсі ретінде мына құжаттың бар екендігін көрсетудің еш артықтығы жоқ.

№32

ХАРАКТЕРИСТИКА НА И. ДЖАНСУГУРОВА

24 марта 1925г.

Джансугуров Ильяс – директор Киринпроса, является фактически руководителем работ. Имеет литературное способности. Руководить  работой может, политическую ориентировку имеет. Может быть выдвинут на более ответственную работу в губернском масштабе. Выдержан, дисциплинирован. (Работник просвещения).

ОСНОВАНИЕ: Постановление президиума ГИКа № 34 от 24.03с.г.

Председатель губгорисполкома

И.Кошкунов

Секретарь Надъярных

ГААО. Ф. 489. Оп. 2. Д. 19. Л. 39. Подлинник.

Ілияс осындай үлкен тексерістен өтіп, партия мүшелігіне өтіп, еңбегі сің-дау, енді өтініш жазуға пісіп жетілген сәті туды-ау дегенде, арман еткен оқуына бару үшін төмендегі жазған құжатына кезігеміз:

№60

ЗАЯВЛЕНИЕ В ДЖЕТЫСУЙСКИЙ ГУБКОМ РКП (б)

О НАПРАВЛЕНИИ НА УЧЕБУ

22 июня 1925

В дореволюционное время я не получил никакого образования. В революционное время, благодаря бедности, я не мог поступить ни в какое  учебное заведение и занялся самообразованием. Полученного таким образом образования недостаточно. Это я чувствую сам по себе, это давали и дают чувствовать те учреждения, в которых я работал и работаю (был директором  Киринпроса,  сейчас губинспектором НКП)

Мне хотелось бы получить образование, поэтому  прошу губком РКП (б) предоставить мне одно место из разверстки, долженствующей быть присланной из центра.

Надеюсь, что моя работа, которая при моем образовании для меня была чрезвычайно трудной, при соввласти  даст мне надежду, что просьба моя не будет отклонена.

При сем прилагается анкета.     Джансугуров

Пометка А.Розыбакиева: В дело отборкома. 28. 06. 1925г.

ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д.  64. Л: 6. Ксерокопия.

Арман еткен, талай жыл күткен оқу орнына бару құжаты тек бір айдан кейін шешіліп, оқуға аттануға рұқсат алады, бұл құжат №64.

 

ВЫПИСКА ИЗ ПРОТОКОЛА N 2 ЗАСЕДАНИЯ ОТБОРОЧНОЙ И СТИПЕНДИАЛЬНОЙ КОМИССИИ ПО КОМПЛЕКТОВАНИЮ ВУЗОВ.

16 июля 1925г¹

СЛУШАЛИ: телеграмму Казкрайкома РКП (б) за № 1698 о посылке курсантов в Академию ком[мунистического] воспитания в г. Москву.

ПОСТАНОВИЛИ: Послать т. Джансугурова.

Утверждено протоколом № 26. пункт 10, заседания секретариата Джетгубкома РКП (б) от 11 июля 1925г.

Подлинный за надлежащими.

Выписка верна:

Секретарь агитпропа Джетгубкома РКП (б)

Корицкий

ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 64. Л. 25.

         Елінде өз отбасы, яғни әйелі Аманша Берентайқызы қалмақ. Оның жайы қалай болмақ, ол туралы да жан-жақты ойластырылған және оған өкіметтің де көмегі тиюі қажет. Онсыз алыста жүріп, қалай оқымақ? Деректерге сүйенсек, Аманша қазіргі Еркін ауылыда (Ол тұста Садық-Сыдық ауылы) тұратын Балдыбаланың жанында қалады. 1920 жылы өзінің досы және кеңесшісі Біләл Сүлеевтің талабымен, Ілияс оқуға Ташкент қаласындағы қысқа мерзімді мұғалімдер курсына түсті. Оқуы біткен соң ол туған ауылына қайта оралып, біраз уақыт Белтоған ауыл мектебінде сабақ берген. Сол жерде ол өзінің екінші жарын Аманшаны кездестірді. Аман Берентайқызы 1903 жылы дүниеге келген. Жанұясында кіші баласы болғандығынан ата-анасы оны еркелетіп Аманша деп атаған.

Мұратбек Иманғазинов, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, филология ғылымының докторы, профессор.

(жалғасы бар)

Ілмек сөздер: Петербор Мәскеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір