• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 16:50:11
Алматы
+35°

03 Қазан, 2019

2020 жылы 200 мың қазақстандық үшін әлеуметтік төлем артады

2020 жылы 200 мың қазақстандық үшін әлеуметтік төлем артады. Жәрдемақысы 30% көбейетіндердің қатарында еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан және жұмысынан айырылған азаматтар бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz дерегіне сүйеніп.

2020 жылы 200 мың қазақстандық үшін әлеуметтік төлем артады. Жәрдемақысы 30% көбейетіндердің қатарында еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан және жұмысынан айырылған азаматтар бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz дерегіне сүйеніп.

Заң жобасының негізгі мақсаты – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі еңбек өтілі мен төлем мөлшері арасындағы байланысты нығайту.

Еңбек министрлігі мүгедектерді әлеуметтік қорғау деңгейін көтеру үшін еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін медициналық-әлеуметтік сараптамада нақты белгіленген еңбекке жарамсыздық дәрежесіне сүйене отырып анықтауды ұсынып отыр.


Асыраушысыз қалған отбасыларды әлеуметтік қорғауды арттыру үшін асырауындағы адам саны коэффициентін өзгерту арқылы әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру ұсынылып отыр. Сонымен, асырауында бір адам болғанда 40% -тен 50% -ке дейін; екеу болса –50% -тен 65% -ке дейін; үшеу болса – 60% -тен 80% -ке дейін және төрт немесе одан да көп болса – 80% -тен 100%-ке арттыру көзделген.

Тұтастай алғанда, заң жобасына ұсынылған өзгертулер әлеуметтік тәуекелдердің үш түрі – еңбекке жарамсыздық, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айырылу бойынша, яғни 200 мың алушы үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орта есеппен 30% -ға арттырады.




 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір