• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:37:55
Алматы
+35°

Инвестиция тарту, сол арқылы салықтық түсімдерді арттыру- мемлекет қолға алған даму стратегиясының басты бағдары. Бұл тұрғыда Тараз қаласында да тындырымды тірліктер тіктеуде. Мемлекет қолдауының нәтижесінде көптеген кәсіпорындар өз шаруаларын ширатып, табысқа кенеліп отыр.

Мысалы, тамақ өнеркәсібі саласындағы "Орта азиялық қант корпорациясы" акционерлік қоғамы есепті кезеңде 22 миллиард 890,1 миллион теңгеге 124,3 мың тонна өнім өндіріп, өндірілген өнімнің нақты көлемі 55,5 пайызға өсіп отыр. Ал 2018 жылы көрсеткіш 12 034,3 миллион теңгені құраған болатын. Сәйкесінше былтыр 79,9 мың тонна өнім өндірілді.

Жалпы өнеркәсіп саласы бойынша салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің мемлекеттік бюджеттегі үлесі 15,8 пайызды немесе 4 миллиард 776,1 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 22,6 пайыз немесе 6 миллиард 098,5 миллион теңге деңгейінде қалыптасқан болатын. Ал биылғы 8 айда қала деңгейіндегі бюджет бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 12,8 пайызды немесе 1 миллиард 405,6 миллион теңгені құрады

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық - инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында, жалпы құны 35 млрд. 479,6 млн. теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылып, 1861 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Ал, аталған бағдарламаның 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде 2015-2018 жылдары 20 млрд. 124,5 млн. теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылып, 360 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Есепті кезеңде Тараз қаласында «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2019 жылы жалпы құны 4 млрд. 47,0 млн. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобаларда қосымша 447 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделуде.

Атап айтқанда «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 1 млрд. 870 млн. теңге, қуаттылығы жылына 24 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Ал «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 2 млрд. 177 млн. теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 297 жұмыс орындары ашылуы күтілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір