• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:46:03
Алматы
+35°

Бұқараны баспанамен қамту- Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында айқындалған міндеттердің бірі. Осы орайда Президент: «Менің Үкіметке тапсырмам – кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесін үш жыл ішінде шешу керек. Бүгінде олардың саны 30 мыңға жуық.

Баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру қажет». Деп нақты міндеттер жүктеді.

Бүгінде бұл бағытта Тараз қаласында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Алдағы мақсаттар да ауқымды. Мысалы, 2020-2021 жылдары 80 пәтерлі 23 тұрғын үйлердің құрылыстарын жүргізу жоспарлануда.

Ал жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 555 жер телімінде жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылыстарын жүргізу үшін жер телімдері белгіленген. Оның 255-не 4 мердігер келісім шартқа тұрды. Қазіргі таңда 14 үйдің құрылыстары аяқталып, 4 үйге әлеуетті сатып алушы анықталды. Бұдан бөлек, қосымша 26 үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлерді сату мақсатында 2006 жылы жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға түсіндіру жұмыстары аяқталуда. Осы жұмыстар кезең -кезеңімен өз жалғасын табатын болады.

Есепті кезеңге жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға 72 250 азамат кезекте тұр. Осы мақсатта жер кезегінде тұрған азаматтарға алдағы уақытта жер телімдерін беру үшін 4 алаң дайындалуда.

Олар, Асқаров көшесінің соңында, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар. Бұл жерде барлығы 3752 кезекте тұрған азаматтарды жермен қамту жоспарлануда. Алқаптарда инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеу қала бюджетінен іске асырылып жатса, құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоғары тұрған бюджеттер есебінен жүргізу көзделуде.

Бұдан бөлек, 2012 жылдан бері «Көлтоған» алқабының маңындағы 250 гектар алаңында бөлінген 1232 жер телімдерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдалану мерзімі өткен 127 жер учаскілері мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жерлер кезекте тұрған азаматтарға қайта берілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір