• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 07:13:55
Алматы
+12°

Елордада «Берекелі баспана» бағдарламасына құжаттар қабылдай бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Тұрғын үй қоры» парақшасына сілтеме жасап. 

Бұл бағдарламада «Әлеуметтік жағынан осал», «Жетім балалар», «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтарға арналған. 

Әлеуметтік жағынан осал топқа келесі тізім кіреді: .
• Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
• мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
• кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
• жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
• жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған азаматтар
• толық емес отбасылар;
• 1 және 2 топтағы мүгедектер;
• оралмандар;
• экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
• мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.

Пәтер саны: 14, үш және төрт бөлмелі.

Бұл пәтерлерді меншікке жекешелендіруге болмайды. Бастапқы жарна талап етілмейді.  

Құжаттарды 21 қазан мен 25 қазан аралығында қабылдайды.

Талаптары: Сіз коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіндегі «Әлеуметтік жағынан осал топтар», «Жетім балалар», «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша тұруыңыз керек.

-3 пәтер (үш бөлмелі); жетім балаларға;
-3 пәтер (төрт бөлмелі) көпбалалы отбасыларға;
-8 пәтер (үш бөлмелі) әлеуметтік жағынан осал топтарға

Құжаттарды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де іске асырылады, келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев ауданы, «Барыс» ТК аялдамасы) орналасқан мекенжайда қабылдайды. 

Қажетті құжаттар тізімі парақшада көрсетілген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір