• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:54:46
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы "Өңірлік коммуникациялар қызметінің" ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігі туримз басқармасының басшысы Аралбекова Қарлығаш Әмірқызының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Қарлығаш Әмірқызы Жамбыл облысындағы туризм басқармасының соңғы алты айда атқарылған жұмыстары жайлы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Спикердің айтуынша, облыста 3 365 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 2 934 археологиялық, 111- тарихи, 97 архитектуралы және т.с.с. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 5 нысан ЮНЕСКО-нің дүниежүзілік мұралар тізіміне (Ақтөбе (Баласағұн), Құлан, Өрнек, Ақыртас және Қостөбе қалашықтары), сол сияқты 2 нысан Еуразия экономикалық ынтымақтастық ұйымының «Ерекше тартымды туристік нысандар» тізіліміне енгізілген («Ақыртас» сарай кешені және «Айша бибі» мавзолейі), 5 қорықша-заказник («Берікқара», «Меркі», «Аңдысай», «Үмбет, «Қарақоңыз»), 6 санаторлық-сауықтыру мекемелері, 10 балалар лагерлері орналасқан.

Қазақстанның Алматы, Түркістан, Шымкент қаласының 9 туристік компанияларымен «Ортағасырлық Төрткөл» керуен сарайыда орналасқан «Көне Тараз шеберлері» қалашығымен танысты. Қазіргі таңда Қырғыстан және Өзбекстан мемлекеттерінің туристік компанияларымен жазғы маусымда Ыстықкөлден туристерді «Көне Тараз шеберлері» қалашығына әкелу қарастырылуда. Іс-шараға қазіргі таңда барлығы 5 565 адам тартылған. Олардың 500-ден астамы шетелдік туристер (Германия, Италия, Жаңа Зеландия, Жапония, Болгария, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінен), ал еліміздің басқа облыстарынан 1800 турист қамтылды.

Жамбыл облысы бойынша жалпы ұзындығы 495 шақырымды құрайтын ара қашықтықта 9 жол бойғы сервис кешендерінің құрылысын жүргізу орындары айқындалды. Құрылыс жұмыстары 5 аудандық елді мекендерді қамтитын болады (Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Байзақ және Жуалы). Құрылысы жүргізілуі қажет 8 ЖСК-ің жобалары бойынша 4-і «В» және 4-і «С» санатқа сәйкес.

Талас Алатауының 3200 метр биіктігінде орналасқан, жобалық құны 3 млрд. 355 млн. теңгені құрайтын, «Қаралма» тау-шаңғы базасы» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда құрылысқа 274 га жер телімі бөлініп, электр қуатымен жабдықтау, газофикация мен су құбырын жүргізу инженерлік коммуникациялары өтетін жерлері анықталды, автожол құрылысы аяқталды.

Техникалық сипаттамалары бойынша арқанды жолдың ұзындығы 2050 метрді құрайды. Кешеннің құрамына 20 коттедж, 100 орындық 1 мейманхана, әрқайсысы 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орындық кафе, бақылау мұнарасы, қызмет көрсету орталығы, 100 автокөлікке арналған автотұрақ, бассейн және басқа да сауда-ойын-сауық орындары кіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір