• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:48:54
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қазан, 2019 Аймақтар

Жарқын жобаның жемісі

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек. «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет. Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді. Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс» деп атап көрсеткен еді.

Бүгінде жарқын жоба Жамбыл облысында жемісті жүзеге асуда. Мәселен, Жамбыл ауданындағы № 17 Жамбыл колледжінің директоры Талап Әбдібековтің айтуынша, аталған оқу орнында «Дәнекерлеу ісі», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету», «Фермер шаруашылығы» бейіндері бойынша 186 студент білім алуда екен. Олардың өз ісінің нағыз маманы болып шығуына мұндағы 24 оқытушы жауапты. 2018-2019 оқу жылында оқуға 75 студент мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алған. Өрнек ауылында орналасқан аталған колледжге оқуға келген студенттер 240 орындық оқыту корпусы және 50 балаға арналған жатақханамен қамтылыпты. Бұдан бөлек мұнда асхана, шеберхана және оқу полигоны секілді бірқатар нысандар бар. Осындай оқу орнының бірі - Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында орналасқан №8 Мойынқұм колледжі. Мұндағы 151 білімгер ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторист-машинист, электронды есептеу машинасының операторы, электромонтер, электргазымен дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Колледж директорының оқу өндірісі жөніндегі орынбасары Ермак Жұмабеков қазір қолда бар лицензияға қосымша екі біліктілік бойынша мамандықтарға сұраныс беріліп, аспазшы мамандығы бойынша құжаттар дайындалып, материалдық база жасақталып жатқанын айтты.

Арнайы пән оқытушысы Жаңабек Кенешов студенттер жылына бір ай өндірістік тәжірибеден өтетінін сөз етті. Ал «Ферма шаруашылығы» мамандығы негізінде білім алып жатқан оқушылар дуальді оқыту жүйесі бойынша аптасына бір-екі күн «Үркер», «Асқар» секілді шаруа қожалықтарының егістік жеріне барып, аудару, қопсыту, өңдеу, тырмалау секілді әдіс-тәсілдерді меңгеріпті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір