• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:42:37
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа сапары барысында өңірде туризм индустриясын дамытудың маңыздылығын ескеріп, аймақ басшысы Асқар Мырзахметовке Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарын байланыстыратын «Жаңа Жібек жолы» экспедициялық маршрутының туристік инфрақұрылымын дамытуды тапсырған болатын. Осы орайда, өткен аптада «Жаңа Жібек жолы» туристік жобасы жан-жақты талқыланып, облыстағы туристік орындағы ақпараттық тур ұйымдастырылды.

Аталған жиынға Алматы қаласы мен Алматы облысы, Шымкент қаласы мен Түркістан облыстарының туристік басқармалары мен аталған салаға қатысты қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Үш күнге созылған шараның алғашқы күні Ш.Уалиханов атындағы орталықтандырылған әмбебап-ғылыми кітапханасында пресс-брифинг өтті. Онда облыстық туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова «Жаңа Жібек жолы» экспедициялық маршруты Қазақстан аймақтарына жасалатынең ірі экспедиция екендігін жеткізіп, осы арқылы туристік кластерлерді қамти отырып, маңызды табиғи нысандарға бару көзделгенін сөз етті.

– Бұл шараның мақсаты – жаңа туристік бағыттарды жасау үшін табиғи, тарихи, киелі мекендерді зерттеу, ішкі туризм мен инфрақұрылымды дамыту және туған елді зерттеу. Сондай-ақ экспедиция туралы материалдар еліміздің туристік дестанция ретінде танылуына және халықты ішкі туризмге тартуға ықпал етеді. Аталған шараның нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша туристік бағыттар, сапалы фото-видеобанктер құрылады. Олардың қазіргі жағдайы туралы ақпараттар алынып, жолнұсқа жасалатын болады. Айта кетерлігі, Қытайдың Синьцзян-ұйғыр автономиялық ауданынан басталатын экскурсия Алматы облысын қамтып, біздің облыс арқылы өтеді. Одан кейін өңірдің тарихи-мәдени орынлдарының барлығын аралап, маршрут Түркістан облысында жалғасады. Сапар Өзбекстан республикасында мәресіне жетеді, – деді Қарлығаш Әмірқызы.

Мұнан соң әр облыстан жиылған туристік сала өкілдері «Жаңа Жібек жолы» экспедициялық маршрутын Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында дамытудың жолдарын талқылады. Ондағы инфрақұрылымдар мен туристерге жасалатын жағдайдың жай-жапсарын талқылады. Айта кетерлігі, біздің өңірден аталған маршрутқа 18 тарихи-мәдени орын кіріп отыр.

Экспедицияның негізгі шарасынан соң Тараз қаласының аумағына экскурсия ұйымдастырылды. Туристік сала өкілдері «Көне Тараз» археологиялық паркі, Дәуітбек кесенесі, Ерте Ислам дәуіріндегі мешіт, Қазақ хандығына 550 жыл, Айша бибі және Бабаджа хатун кесенелерінде болды. Сондай-ақ Жуалы ауданындағы Теріс ащыбұлақ су қоймасы мен Қаралма тау-шаңғы базасы, «Битянь» қалашығы мен Көксай шатқалында болып, туристік әлеуеттеріне көз жеткізді.

Үш күнге созылған экскурияның қалған екі күнінде қатысушылар Т.Рысқұлов, Меркі, Шу және Қордай аудандарындағы тарихи-мәдени ескерткіштермен танысты. Өз кезегінде сала мамандары жасалынуы тиіс жұмыстарға тоқталып, ұсыныстарын білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір