• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:02:40
Алматы
+35°

«Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы» жобасы 150 млрд теңгеге бағаланып отыр, деп жазады LS сайты. Алты жолақты жолдың жалпы қашықтығы 66 шақырымды құрамақ. Жол бойында 38 өтпежол мен өткел және 7 көлік жолайрық салынады. Оның құрылысына сапалы қызметті қамтамасыз етуге арналған алдыңғы қатарлы технология қолданылмақ.

Инвесторды анықтауға арналған конкурс 2015 жылы жарияланған болатын. Ол тұста бірнеше халықаралық компания қызығушылық танытқан-ды. Алайда келісімшарт тек 2018 жылғы 7 ақпанда түрік-корей консорциумымен жасалды.

2018-2019 жылдары жобалық-сметалық құжаттар мен даярлық жұмыстары әзірленді. Бүгінде Алматыда 26,5 шақырым жолда құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Келісім-шартқа сәйкес үлкен Алматы айналма автокөлік жолын 2020 жылы іске қосу жоспарлануда.

Жол ақылы болады. Жеңіл көліктерге бөлек, жүк көліктері бөлек тариф бекітіледі. Зерттеу қорытындысына сай, жолмен күніне 30 мың – 70 мың көлік жүреді деп күтілуде. Бұндай қарқынмен 15 жылда 231 млрд табыс түспек. Ал 25 жылда 570 млрд теңге кіріс кірмек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір