• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:34:08
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Меркіде ән байқауы өтті

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Оқушылар «Үміт» сарайында отандық, қазақ композиторларының шығармашылығын қолдау, жасөспірімдер шығармашылықтарын дамыту, балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, шеберліктерін шыңдау мақсатында аудан мектептері арасында «Өнерге қанат қаққандар» атты ән байқауы болып өтті.

-Бұл байқауға вокалдық топтар, дуэт, трио, квартет, ансамбль хор қатысты. Байқауға қатысушылар, алдымен мектеп, немесе шет ел балалар композиторларының әндерін орындауы тиіс. Сол сияқты, кіші топ, орта топ, жоғарғы топ болып, жас ерекшеліктеріне қарай бөлінді. Музыканың кәсіби деңгейдегі өңделуі, әнді шебер орындауы, сахна мәдениеті, микрофонды меңгеруі, киім үлгісі де бағаланды,- «Үміт» сарайының қосымша білім беру педагогы Ә.Боранқұлова.

Саз сайысында 28 мектебінің «Ай-ару» дуэты, №20 мектебінің «Жастар» дуэті, №5 мектебінің «Жайна» квартеті, №3 мектебінің «Айсафи квартеті, №14 мектебінің «Мюзик лайф», №7 мектебінің «Балдаурен» ,№1 мектебінің «Алау», №16 мектебінің «Диарт» триосы, ұстаз туралы әндерді шырқады. Ал, №6 мектебінің «Каусар» дуэті, №11 мектептен келген «Жігітттер квартеті, №13 мектептен «Әдемі-ай» дуэті, №9 мектебінің «Арман» дуэті, №35 мектебінің «Қыздар» дуэті, №15 мектебінің өнерпазы Қалыш Олжас, №5 мектебінің «Самға» триосы патриоттық әндерді орындап берді. Кезек аспапта ойнауға беріліп, №2 саз мектебінің оқушылары Қадырова Аяулым, Жандаулетов Мирас, Пірназарова Ләзәт, Маратқызы Аруна халық күйлері. «Ел айырылған», «Тепеңкөк», М.Тілеуханның шығармасы «Аңсағаным», Жаяу Мұсаның «Ақ сисаны»шебер орындады. Оқушылар»Үміт» сарайының «Жібек Жолы» би тобы «Якут» биін ырғақты қимыл биімен бейнелеп, көне дәуірде өмір талабынан, табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен би-өнері номинациясы бойынша төгілте биледі.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 8-10 жас аралығындағы вокал жанрынан бас жүлде №28 мектепбінің «Ай-ару» дуэтіне бұйырды. Ал 11-13 жасар бүлдіршіндер арасында № 3 мектебінің «Қарлығаш» тобы көш бастады. 14-16 жастағы өнерпаздар арасында №6 мектебінің оқушылары «Каусар» дуэті ешкімге дес бермеді. Мәнерлеп оқу сайысында №44 мектебінің оқушысы Еңсебек Өсер 1-орынды иеленсе, қолөнер сайысында № 1 мектебінің оқушысы Қазбек Елдана үздік атанды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір