• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 03:55:08
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қазан, 2019 NEWS

ШҚО-дағы Бородулиха ауданында абаттандыру жұмыстары жанданды

Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бородулиха ауданының әкімі Ольга Булавкина мәлім етті. Оның айтуынша, аудан орталығы – Бородулиханы абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ Переменовка, Жаңа Шүлбі, Новопокровка, Бель-Агаш, Жезкент кентін көркейтуге 60 млн теңге қарастырылды.
 
Бородулиха ауданындағы Жеңіс саябағы, Новопокровка ауылындағы тротуарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілді. Переменовка, Жаңа Шүлбі, Бел ағаш ауылдары мен Жезкент кентінде төрт «Street workout» алаңы салынды. Оған 40 млн. теңге жұмсалды. Сондай-ақ Бородулиха ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағы көркейтіліп, бірқатар жұмыс атқарылды. Шағын футбол алаңының құрылысы басталды. Осы мақсатта 13 млн теңге қарастырылған. Ағымдағы айдың соңында бұл нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. Жолаушыларға арналған модульдік мекеме салынуда. Қазір онда электр желісін тарту, жарықтандыру, орталық сумен қамтамасыз ету, алаңды асфальттау, автокөліктерге арналған алаң, қоқыс жәшіктері мен орындықтар қойылуда. Оған арнайы тендер өткізілді. «Ремнев». ЖК-мен келісімшарт жасалды. Ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін жолаушыларға арналған модульдік орталық пайдалануға беріледі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір