• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:00:44
Алматы
+35°

1 қазаннан бастап "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын "Қазақстанның 100 жаңа есім" жобасына қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау басталды. 

Жобаның мақсаты-еліміздің дамуына елеулі үлес қосып, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білім беру идеяларын алға жылжыта отырып, қазіргі Қазақстан тарихын жасайтын нақты адамдарды қоғамға таныстыру.

– Биыл "Қазақстанның 100 жаңа есімі"жобасының үшінші кезеңі өтеді. Жобаға 39 жасқа дейінгі кез келген адам қатыса алады. Қатысу үшін сайтта www.100janaesim.ruh.kz сауалнаманы толтыру қажет. Семей қаласында  еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан талантты жастар өте көп.  Біз жастарды жобаға белсенді қатысуға шақырамыз, – деді акция еріктісі Фариза Оңғарова.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына өтінім қабылдау 1 қарашаға дейін ұзартылды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір