• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 07:04:54
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Барлық аймақтар

Қазақстанның жас робототехниктері Дубайда өткен чемпионатқа қатысып, қола жүлдеге ие болды

Қазақстанның жас робототехниктері 24-27 қазан аралығында Дубайда өткен әлемнің ең әйгілі FIRST Global чемпионатында қола медальді жеңіп алды. Биылғы жарысқа 191 мемлекеттен ең білікті оқушылар қатысып, бақ сынасты.

FIRST Global-дың екі күндік іріктеуінің нәтижесі бойынша біздің балалар - Дильназ Камалова, Манабаев Женибек, Темиров Бақтияр, Қасым Елтай және Қабдықайыров Ержан - барлық қарсыластарын баса озып, маусымның фаворитіне айналды. Оқушыларымыз Израиль, Қытай, Сингапур және басқа дамыған мемлекеттерден келген ең үздік ойыншыларды жеңіп, топ жарды.

бдьл

Жеңімпаздарды бірнеше жылдан бері бұл сайыстарға дайындап жүрген Орталық Азияда Робототехниканы дамыту қорының тренерлері - Assylbek Murzakhmetov пен Nurdaulet Dosmağambet еңбектері орасан зор. Олардың арқасында балалар түрлі сайыстардан 50-ден астам марапаттарға ие болды. Осы жылдың сәуір айында олар АҚШ-тың Кентукки штатында өткен VEX-robotics әлем чемпионатында арнайы жүлдені жеңіп алғанын айта кету керек.

"Жарыста барлық қатысушылар біздің командада болғысы келетінін жеткізді. Бұл біз үшін аса құрмет, мақтаныш", - дейді тәлімгерлер.

ьжбд

Еліміздің намысын Алматылық Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Хейлибери Қазақстан, сондай-ақ Қарағандының Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары қорғады.

Жас робототехниктер бұл жеңіспен Қазақстан STEM саласында дамыған мемлекет екенін барша әлемге мойындатты.

Мадина Мадреймова

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір