• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:23:20
+35°

"Astana Club" сарапшылары "Әлемдік (дем) тәртіп: болашақ тарихын кім жазады?" сессиясының ашылуында халықаралық саясатты дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.

Экономикалық, саяси және әскери қақтығыстың жалғыз өміршең баламасы – жаһандық ынтымақтастық. Бұл туралы клуб отырысының ашылуында Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мәлімдеді.

Astana club

Баяндамашы соңғы уақыттағы ең өткір жаһандық қақтығыс түйіндерінің географиясы Үлкен Еуразияда шоғырланғанына назар аударды.

Одан өзге Қазақстанның сыртқы саясаты тиімді және өзара тиімді ынтымақтастық пен жалпы тарихи тағдыр мен ортақ экономикалық мүдделер негізінде мемлекетаралық одақтар құру қабілетімен ерекшеленетіндігін атады.  

"Ынтымақтастық адал, тікелей және ашық диалогсыз мүмкін емес. Тек осындай диалогтың нәтижесінде Еуразия құрлығында да, бүкіл әлемде де ойын ережелерінің заманауи болмысын көрсететін жаңа ережелер пайда болуы мүмкін. Бұл тұрғыда "Astana Club"-тың талқылауы – ең маңызды мәселе. Қымбатты әріптестер, бұл біздің жаһандық ынтымақтастықтың жаңа архитектурасын салуға қосқан үлесіміз ", – деп Дариға Назарбаева сарапшыларға жауап берді

Еске салсақ, 11-12 қараша күндері "Назарбаев орталығында" саяси форум форматындағы беделді халықаралық пікірсайыс алаңы "Astana Club"  клубының бесінші отырысы өтіп, іс-шараға әлемнің 50-ден астам жетекші саясаткерлері, Еуразияның танымал зиялылары және халықаралық қатынастар саласындағы үздік сарапшылар қатысуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір