• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 14:59:16
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қараша, 2019 NEWS

Семейде антитеррорлық жаттығу өтеді

2019 жылғы 15 қарашада терроризммен күрес жөніндегі Семей қалалық жедел штабымен қала аумағында антитеррорлық жедел-тактикалық жаттығулар  өтеді.

Жаттығу барысында терроризмге осал объектілерде ескерту жүйесін жетілдіру және терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады. Басты назар, зардап салдарын болдырмауға, жолын кесуге және жоюға қатысатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталған.  

Оқу-жаттығу кезінде шартты түрде енгізілген террористік қауіптің «Қызыл деңгейі» аясында арнайы күштер террористерді залалсыздандыру және жою үшін арнайы операция өткізеді.

Қала тұрғындары мен қала қонақтарынан сабырлық сақтауды және уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

ҚР қылмыстық Кодексінің 274 бабына сәйкес,  көрінеуі жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетіндігін назарға саламыз.  

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір