• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 07:23:35
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қараша, 2019 Аймақтар

Жұмыссыздық деңгейі жыл санап төмендеуде

Жұмыссыздықпен күрес ел саясатының негізгі бағыты. Сондықтан бұл жұмыстарға жылда көңіл де, қаржы да омақты қаралуда. Оған бір дәлел, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында биыл жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыздан 4,1 пайызға төмендеп отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ауданда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы 3 бағытта жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның 1-бағыты бойынша (бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету):

Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша жалпы – 95 азаматты оқытылып, оның ішінде 70 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның 2-бағыты бойынша (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту)

Кәсіпкерлік негіздері бойынша- жалпы 241 азамат дәріс алып, оның ішінде 59 азамат 243,0 млн теңге кредит алса, 40 азамат 505,0 мың теңгеден жалпы сомасы 19,4 млн теңге қайтарымсыз грант алды.

Бағдарламаның 3-бағыты бойынша (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту): Қайырылған азамат – 1347 жұмыссыз, оның 1218 жұмыссыз белсенді шараға тартылды, сондағы тұрақты жұмыспен қамту үлесі 66,7 пайызды құрап отыр.

Белсенді шараларымен- 1495 азамат қамтылып отыр атап айтқанда:

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша кешенді жоспар бойынша -12 азаматты жол құрылыс жұмыстарына тарту қажет, бүгінгі күнге 13 азамат жұмыспен қамтылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2019 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 25,1 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, барлығы 140 азаматты жұмысқа тарту жоспарланса, 25 жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтармен келісім-шарт жасалып, барлығы 180 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.

Жастар іс-тәжірибесі бойынша 2019 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 25,3 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, 6-айлық мерзімдік жұмысқа жыл аяғына дейін барлығы 65 адамды тарту жоспарланса, Есептік мерзімге 98 азамат жастар іс-тәжірибесіне жолданды.

Қоғамдық жұмыстарына 2019 жылы жергілікті бюджеттен 94,1 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, аудан бойынша 404 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа жолданды.

Аудан бойынша 1 жұмысшы тобы құрылды, жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек 711 отбасына, оның 3658 мүшелеріне 347,2 млн теңге қаражат төленді, тапсырмаға орай тағайындау бойынша жұмысшы тобы барлық ауылдық округтерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған - 475 отбасына аралап мониторинг жүргізілді, нәтижесінде 113 отбасының 108- і өз еріктерімен атаулы әлеуметтік көмектен бас тартты. Нәтижесінде 6 отбасының қайтарған 765,4 мың теңгесі уәкілетті органның есеп шотына түсті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір