• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:17:42
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ағымдағы жылы өңірдегі Байзақ, Жамбыл, Шу аудандарында 108 жоба қолға алынды. 2020 жылы бұл жоба Қордай, Меркі, Сарысу аудандарын қамтып, ондағы Қордай, Меркі, Саудакент 53 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы биыл облыстың 3 аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік маңызға ие нысандарды құрылысына жан бітірген жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2 миллиард 770 миллион теңге қаржы қарастырылды. Жобалардың басым бөлігі әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандарын жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған екен. Ал төрт жоба жергілікті тұрғындар тарапынан сұранысқа ие әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуді көздейді. Тарқатып айтар болсақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы әмбебап залы бар спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілду. Мұндай құрылыс жұмыстары Шу ауданында жүргізіліп, орталық аудандық ауруханасына жапсарлас ғимараты салынды. Және де аудан орталығы саналатын Төле би ауылында мәдениет үйі мен әмбебап залы бар спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың тоғыз айында жоба аясында құрылыс, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген 108 нысанның 85-ндегі жұмыстар толықтай аяқталды. Ал жоба аясын құрылысы басталған 2 заманауи спорт кешенімен, аудандық ауруханаға қосымша ғимараттың және мәдениет үйіні келесі жылы пайдалануға берілмек.

Келесі жылы бұл облыстың 3 ауылында Қордай, Меркі, Сарысу аудандарында жалғасын табатын болады. Жобасы аясында бұл ауданның орталықтары мен іргелі ауылдарында 53 жоба жүзеге аспақ. Өз кезегінде бұл жұмыстарды жүргізуге қажетті 2 миллиард теңге республикалық бюджеттен арнайы лимит арқылы бөлінбек. Жобаны қаржыландыруға қажетті қаражат бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім де беріліп қойды.

Айта кету керек ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру жайы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артты-ру» деп аталатн Жолдауында айтылған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір