• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:59:59
Алматы
+35°

Өткен сенбі-жексенбі күндері Тараз қаласының орталық алаңында Жамбыл облысының 80 жылдығы және Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде облысымыздың 10 ауданы мен Тараз қаласының тауар өндірушілері және тұрақтандыру қоры жалпы құны 89, 9 миллион теңгені құрайтын 314 тонна өнім түрлерін нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағада ұсынды.

Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер өздерінің өсіріп, өндірген табиғи таза, құнарлы да сапалы өнімдерін ел көңілінен шығатындай етіп ұсынды. Сол күні орталық алаңға халық әдеттегіден көп жиналды. Ауа райы да жаймашуақтығымен ерекшеленіп, сауда көрігі қызды. Өнімдердің негізін 20 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, шошқа және тауық еті), 8 тонна сүт өнімдері, 6 тонна шұжық өнімдері, 8 мың дана жұмыртқа, 4 тонна балық, 2 тонна бал, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 4 тонна макарон өнімдері, 0,8 тонна тұз және 266,7 тонна жеміс-жидек пен көкөніс және тағы басқалары құрады.

Екі күнге жоспарланған жәрмеңкенің алғашқы күні Байзақ, Жуалы, Талас, Мойынқұм, Шу аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының және екінші күні Жамбыл, Меркі, Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері ұсынылды.

Айта кету керек, жалпы республика бойынша, оның ішінде Жамбыл өңірінде де ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Аймақта ағымдағы жылы 10 айда 275,6 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 104,4 пайызды құрады. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуы нәтижесінде облыстың өндірістік көрсеткіштерінде тұрақты өсім қалыптасты, ауыл халқының тұрмыс деңгейі көтеріліп келеді.

Аталған жұмыста сала қызметкерлері – ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбектері орасан зор.

Жамбыл өңірі ауыл шаруашылығын жүргізуге өте қолайлы аймақ екені белгілі. Әулиеаталық шаруалардың ағымдағы жылы мол өнім алғанын да мақтанышпен айта аламыз.

Биылғы жылы 333,5 мың гектар дәнді және дәнді бұршақты дақылдар егін орағына түсіп, әр гектардан алынған орташа өнім 25,0 центнерді құрады және 763,2 мың тонна астық бастырылып, 92,2 мың тонна өнім артық алынды.

Сондай-ақ, облыс шаруалары 270,5 мың тонна картоп, 1 034,6 мың тонна көкөніс жинады. 48,5 мың тоннадан астам майлы дақыл өнімдері ел ырыздығына айналды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір