• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:40:26
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

03 Желтоқсан, 2019 NEWS

ШҚО Ұлан ауданында туризм өркендеп келеді

Өткен жылы Ұлан ауданындағы туризм кешендеріне 32,0 мың адам келіп, демалып қайтты. Одан 192,5 млн. теңге көлемінде табыс түсті. Ал осы көрсеткіш биыл 30 пайызға артты. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

Ауданда 18 туристік нысан жұмыс істейді. Бүгінде ауданда жаңа демалыс базалары салынуда. Мәселен, Сібе көлдері топтамасының 4-ші көлі – Қоржынкөлде «Жібек жолы» мейрамхана-кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 2,0 млрд. теңге, оның 200,0 млн. теңгесі игерілді. Бүгінгі күні 50 орындық қонақ үй, 90 орындық асхана, жаздық және қыстық үлгідегі күркелер, судағы демалыс күркелері, екі таудың ортасына арқанжол орнатылды. Сонымен қатар 120 орындық кафе құрылысы жүргізілуде.

– «Елдос» шаруа қожалығының бастамасымен «Аблакетка» су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулау клубы ашылады. Сондай-ақ, Садыркөлде 100 орындық демалыс орны салынады жоспарлануда. Бұл жобаның жалпы құны 40,0 млн. теңгені құрайды, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Инфрақұрылымға келсек. Алдағы уақытта Шыбындыкөл мен Дулығалы көлдеріне баратын жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта облыстық бюджеттен қаражат қарастырылған. Бұдан бөлек Аюдыға Манат арқылы баратын жол жөнделеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір