• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:41:11
+35°

5 жыл ішінде табиғи газ өндіру орташа есеппен жылына 6 пайызға, мұнай өндіру 2 пайызға өскен. Газ саласының ЖІӨ-дегі үлесі 2030 жылға қарай 3,6 пайызға дейін ұлғаяды. Бұл туралы energyprom сарапшыларының зерттеуінде айтылады.

Мұнай-газ саласы – ҚР экономикасын дамытудың басты драйверлерінің бірі. Аталған сала соңғы үш жылда орта есеппен 6,1%-ға өскен.

2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша табиғи газ өндірісі 1,5%-ға артып, 46,3 млрд текше метрге жеткен. 2018 жылы өндіріс 55,5 млрд текше метрді құраған. Соңғы бес жылда табиғи газ өндіру жылына орта есеппен 5,6%-ға өсіп келеді екен.

Ал газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру жыл басынан бергі он айда 74,8 млн тоннаны құрап, жылдық өсім 0,3%-ға жеткен. 2018 жылы өндіріс көлемі 90,4 млн тоннаға жеткен болатын. Соңғы бес жылда мұнай өндіру орташа есеппен жылына 2,1%-ға өсіп жатыр.

Бүгінде газ саласы мұнай секторына қарағанда жылдам қарқынмен дамып келетіні байқалады. Қазірдің өзінде ЖІӨ-дегі газ саласының үлесі 1,8%-ға жетті және ұдайы өсіп келеді. Секторда жалғасып келе жатқан өсім ЖІӨ-дегі үлесінің 10 жылда 1,8%-дан 3,6%-ға дейін (2020-2030 жылдар) ұлғаюына ықпал етеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: газ мұнай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір