09 Қаңтар, 2020 NEWS

Мүсірепов театрында баспасөз конференция өтеді

Ашықдереккөз

10 қаңтар, сағат 12.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекетттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында баспасөз конференция өтеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Баспасөз конференциясында:

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 2019 жылы атқарылған шығармашылық жұмыстары мен жетістіктеріне шолу жасалып, 2020 жылға қойылған алдағы жоспарлары таныстырылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақтылаған 10 маңызды бағыттың бірі «Сыбайлас жемқорлықты жою» деп көрсетуінің негізінде, театр саласында тұңғыш рет еліміз бойынша актер қызметіне жарияланған кастинг қорытындысы жарияланады. 1 ай бойы әлеуметтік желі арқылы кастинг талаптары бойынша бақ сынап, іріктелген қатысушылар 2 турда көркемдік кеңес алдында өнер көрсетіп, жеңіске жеткен өнерпаз театрға қабылданады.

Ілмек сөздер: ТЮЗ театр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір