• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:01:20
Алматы
+35°

Лондонға бет алған румыниялық Райанэйр ұшағы әуеге көтерілген сәтте жолаушылар қою түтінге тұншығып, ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды.

Румыния астанасы Бухаресттен ұшып шыққан әуе кемесінде 169 жолаушы және төрт экипаж мүшесі болған.

Boeing 737-800 ұшағы төтенше жағдай орын алғанын хабарлап, Отопени әуежайына қайта келіп қонды. Зәресі ұшқан жолаушылар ұшақтан аман-есен түсірілді. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шегушілер жоқ.

Сейсенбі күні таңертең Лондонның Станстенд әуежайынан сағат 6:40-та ұшып кетуі тиіс ұшақ техникалық ақау салдарынан ұша алмады. Жолаушылар біраз уақыттан кейін басқа ұшақпен жергілікті сағат 10:57-те ұшқан. Алайда ұшақ әуеге көтерілген сәтте, капитан Мойдэй қайта қону қажеттігін хабарлап, төтенше жағдай жариялады. Ұшақ 1500 метр биіктікке көтерілген кезде, салонның іші қою түтінге толып, жолаушылар түгел дүрлікті.

Ұшақ әуежайға қонғаннан кейін жолаушылар әлеуметтік желіге бастарынан өткен жағдай туралы бөлісе бастады. Солардың бірі Космин Малуреану былай деп жазды:

"Бұл маған өтеу ауыр соққы болды, салонның іші түтінге толып кетті. Тіпті алдымыздағы екінші қатар бізге көрінбей қалды. Апатты жағдайда автоматты түрде түсетін оттегі маскасы болмады"

MailOnline баспасөз хатшысының хабарлауынша, Бухарест-Лондон рейсі техникалық ақауларға байланысты кешіктірілген. Жолаушыларды тезірек діттеген жерлеріне жеткізу мақсатында, олар қыздырылмаған ұшаққа отырғызылған.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ұшақ ішіне түтіннің таралу себебі әзірге белгісіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір