• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:44:06
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанға 6 ақпаннан бастап келген 488 мыңнан астам азаматтың тексерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– 6 қаңтардан бастап түрлі шаралар қабылданып, 1 ақпаннан бастап ол шаралар күшейтілді. Бүгінгі күннен бастап арнайы бас санитарлық дәрігердің шешімі қабылданып, қосымша санитарлық-эпидемиялық шаралар күшейтілді. Жалпы біздің ең бірінші мақсат – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына келіп жатқан азаматтардың денсаулығын тексеріп, бақылауға алу. 6 ақпаннан бастап 488 мыңнан астам азамат (қазақстандық, ішінде шетелдікте де бар) Қазақстанға келді. Олардың бәрін біз шекарада жағдайын тексеріп, температурасын өлшеп қарап отырмыз. Анкета толтырылуда, – деді деді Елжан Біртанов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Министр солардың арасында 175 науқас жатқызылып, емделіп шыққанын айтып өтті. Олар түрлі инфекциялық респираторлық аурулар болғаннан кейін коронавирустық инфекцияға тексеріліп, 160-ы шығарылған.

– Бірақ оларда коронавирустық инфекция табылған жоқ. Сонымен азаматтар елге келгеннен кейін біздің арнайы медициналық қызметкерлер бәрін монитрингіге алып отырады. Ал жалпы ҚХР-дан келген 24 мың азаматты мониторингілеуге алғанбыз. Қазір 2 3647 мониторинг шығарылды. 14 күннен соң жағдайы жақсарғаннан кейін оларды шығарамыз, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір