• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:22:38
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімімен Қазақстан кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Болат Палымбетов 1961 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық және Еуразия нарық университетін бітірген. Сонымен қатар Палымбетов Маңғыстау облысының әкімі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, "Самұрық-Қазына" АҚ-ның басқарма төрағасы, сондай-ақ, 2016 жылдан бері қарай Қазақстан кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл қызметін атқарды.

Тоқаевтың жарлығымен Палымбетовтың орнына Рустам Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Болат Палымбетов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір