• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:08:05
Алматы
+12°

Коронавирустың өршуіне байланысты шетелде оқып жатқан студенттер өздерінің жанайқайларын әлеуметтік желі арқылы білдіріп, халықтан көмек сұрады. Бұл туралы Іnstagram парақшасында жариялады. 

– Бізге болып жатқан оқиғаларды қабылдау қиын. Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 2-курс студенттеріміз. Академиялық ұшқырлық бағдарламасы бойынша біздің оқу орнымыз бізді Испаниядан Сьюдад-Реал қаласына жарты жыл, яғни қаңтар-маусым аралығында оқуға жіберген болатын, – деді қазақстандық студент.

Олар Испанияда COVID-19 вирусының таралуына байланысты Қазақстан елшілігіне және елдегі оқу орындарына хат жіберген. Студенттер ешқандай жауап ала алмағандықтан, ҚР ішкі істер министрлігіне үндеу жариялаған.

– Испанияның барлық төңірегінде карантин жарияланған. Қалада қозғалыстың барлығына шектеу қойылды. Егерде азаматтар шектеуді бұзатын болса, жауапкершілікке тартылады. Күн сайын мемлекеттер Испаниядан өз рейстерін кері қайтарып жатыр. Елге басқа мемлекеттен азаматтар ұшып келе алмайды. Бізді онымен қоса бұл жақта мазақтап, "азиялықтар" деп кемсітіп, шеттетеді. Бізге дүкеннен нан сатпайды. Бізге "азиялықсыңдар", "коронавирус сендерден таралды" деп саусақтарын шошайта қарайды. Үлкендер бізге жұмыртқа лақтырса, балалар әдепсіз қылықтармен мазақтайды. Біздің психикамыз әбден бұзылды. Бастапқыда көшеге шығуға қорқатынбыз, ал енді ұйықтауға қорқамыз, – деді қазақстандық студент. 

Студенттердің айтуынша, Испания билігі карантинді 2 айға созуы мүмкін. Себебі ауруды жұқтырғандар саны 10 мыңнан асып кеткен. Студент жастардың енді тұратын жері жоқ. Үй иесі карантинде болғандықтан, жалға берген пәтердің ақшасын ала алмаймын деп осы айдың соңына дейін тұруға рұқсат беріпті.

– Біз мәселені аяғына дейін күтіп, ушықтырмауға тырыстық. Алайда болып жатқан дүниелер өте қорқынышты. Біз өз өміріміз үшін қорқамыз. Сіздерден бізге көмектесе алатын билік басындағы адамдарды белгілеулеріңізді сұраймыз. Барынша репост жасап, таратсаңыздар, – деп шетелде оқып жатқан студент көмекке мұқтаждығын жеткізді. 

 

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

НАМ СЛОЖНО ПРИНЯТЬ ЭТУ РЕАЛЬНОСТЬ —————————————— Мы, граждане Республики Казахстан, студенты 2-го курса юридического факультета Казахского Национального Университета имени Аль-Фараби. По программе академической мобильности наш университет отправил нас в заграничную командировку в Испанию в город Сьюдад-Реаль сроком на пол года, с января месяц по июнь месяц. ——————————————————— В связи с распространением COVID-19 мы просили НАШИХ координаторов НАШЕГО университета иметь в виду, что мы находимся тут, и в случае какой-то информации, в том числе о возвращении в Казахстан ОСВЕДОМИТЬ НАС. Но никакого ответа мы не получили! ——————————————————— МЫ сейчас ХОТИМ обратиться в МОН РК, в МИД РК по вопросу нашей эвакуации в НАШУ СТРАНУ?? ——————————————————— •ПО ВСЕЙ ТЕРРИТОРИИ ИСПАНИИ ОБЬЯВЛЕН КАРАНТИН. Какие-либо передвижения запрещены. В случае нарушении требовании виновные лица будут привлечены к ответственности. _____________________________________________ •ЕЖЕДНЕВНО страны всего мира ОТМЕНЯЮТ рейсы Испании. _____________________________________________ •Мы ПОДВЕРГАЕМСЯ НАЦИЗМУ и БУЛЛИНГУ в Испании.. Нам и хлеб в магазинах не продают, тыкая в нас пальцем «Вы Азиаты!» «Коронавирус!».. Старшие кидают яйцо в нас, дети показывают свои передние и задние части тела, издеваясь над нами.. Наша психика расшатана. В начале боялись лишний раз выходить на улицу, сейчас вовсе БОИМСЯ ЗАСЫПАТЬ! _____________________________________________ •Правительство Испании предварительно оглашает информацию о том, что КАРАНТИН могут продлить ДО 2х МЕСЯЦЕВ, так как число заражённых превысило 10.000 человек. _____________________________________________ •НАМ НЕГДЕ БУДЕТ ЖИТЬ! Хозяйка квартиры сказала, что из-за карантина она не может выходить из дома и принимать оплату и просит дожить ДО КОНЦА МЕСЯЦА! (Просто азиатов не хотят видеть в городе, вот и все) _____________________________________________ Мы до конца пытались не раздувать истерию, не поддаваться страху! НО СИТУАЦИЯ СТРАШНАЯ! МЫ БОИМСЯ ЗА СВОЮ ЖИЗНЬ! ____________________________________________ Прошу вас отметить всех личностей, чтобы нас услышали! Репосту буду очень рада??

Публикация от Madeka ? (@mvdekvm)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір