• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:56:24
Алматы
+35°

Ұлттық ұлан жауынгерлері карантин режимін бұзған төрт азаматты қолға түсірді, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz дерегін негізге алып. 

Оқиға Алматы облысы мен қаланы бөліп тұрған Ақсай өзені маңында болған. 

"Кеше сағат 13.40 шамысында ұландық жауынгерлер Алматы қаласының кіреберісіне қойылған тосқауыл бекетті айналып өтіп, қала аумағына кірмекші болған төрт азаматты қолға түсірді. Қанат Бейсенбаев басшылық жасайтын әскери топ өзенді кесіп өтіп, қала аумағына жақындап келе жатқан екі азаматты байқайды. Оларды тоқтатып, мән-жайды анықтағанда жұмыс іздеп, қала аумағына өтпекші болғандары анықталды, - делінген хабарлмада.

Белгілі болғандай, аталған нүктедегі карантиндік режимді бақылау Ұлттық ұлан 5571 әскери бөлімінің жауынгерлеріне тапсырылған. 

Бұл оқиғадан соң тағы екі азаматтың Ақсай өзенін кесіп өтпек болғаны анықталған. Олар рұқсатсыз әрекет кезінде ұландықтардың қолына түскен.

Қазір барлығы мән-жайды анықтау үшін аудандық Ішкі істер басқармасына жеткізілген.

Еске сала кетейік, наурыздың 22-сі күні ұландық офицер Еркебұлан Бейсенбай дәл осы Ақсай өзені маңында тағы бір азаматты ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір