• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
01 Сәуір, 18:06:17
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

26 Наурыз, 2020 NEWS

Италияда қала басшылары халыққа былапыт сөздермен үндеу жасады (видео)

Ашық дереккөз

Италияда қала басшылар халыққа былапыт сөздермен үндеу жасады. Олар қала тұрғындарына үйден шығуға тыйым салған. 

Тіпті, қала мэрі Винченцо Де Лука оқушылардың мектеп бітіру кешін өткізейін деп жатқанын естіген сәтте ол жаққа полицейлер мен оқ атқыштарды жіберетінін айтқан. 

"Ертең! Ертең сендерді біртіндеп ұстайтын боламын. Мен қала мэрімін. Сендер менің қаламда емін-еркін серуендемейтін боласыңдар. Ресми түрде сендердің үйден шығуларыңа тыйым сала алмаймын. Ғажап! Бірақ мен сендерге жерді басуға тыйым сала аламын" дейді Мессина қаласының мэрі Катено Де Лука.

Лучеро қаласының мэрі Антонио Тутоло болса бейәдеп сөздермен қала халқын үйіне қуған. Далада пинг-конг ойнап жүрген жастарға "үйге барып Playstation ойнаңдар" деп айтқан. 

Соңғы ресми мәліметтер бойынша, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 74 386 адамға, ал қайтыс болғандардың саны 7 503-ке жетті. 9 362 адам вирустан жазылған.

 

Ілмек сөздер: Италия коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір