• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:41:41
Алматы
+35°

Бүгін, 27 наурызда Алматыда коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан бір адам дертінен айықты. Бұл ақпаратты қала әкімдігі хабарлады.

Әкімдік таратқан ақпаратқа қарғанда, аурудан айыққан науқас елде коронавирус табылған екінші адам. 

"Бұл пациент – 13 наурызға қараған түні Алматыда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Қазір ол емханадағы медициналық қызметкерлердің бақылауымен 14 күндік үй карантинге шығарылды" делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Бұған қоса, қала әкімдігі ертең қорытынды сараптама расталған соң тағы бір науқас ауруханада шығарылатынын хабарлады. Ол – Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жасар қыз.

Бұған дейін, 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір адамның коронавирустан жазылып шыққаны хабарланған. Осылайша елде вирустан айыққандар саны 3-ке жетіп отыр. 


Оқи отырыңыз♦ Қазақстанда коронавирустан екі адам жазылды

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір