• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:30:16
Алматы
+35°

Бүгінге дейін 784 мыңнан астам алматылық төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға арналған 42 500 теңгелік жәрдемақыға өтінім білдірген. 238 мың тұрғынның өтінімі кейінге қалдырылса, қалғандарына әлеуметтік төлем тағайындалған.

Жәрдемақыға қолжеткізгендердің бірі – Өтегүл Қалқаманқызы. Алматыдағы Байсат базарында ойыншық сатады. Карантин басталғалы үйде отыр. "42500 теңге қиын-қыстау кезеңде халыққа әжептәуір қолдау болды" деген ол көрсетілген көмек үшін үкіметке дән риза.

– Осындай істің жүзеге асуы үкіметте отырған адамдардың халыққа деген жанашырлығы деп білемін. Ешқайсымызды үйден шығармастан, жәрдемақыны карточкамызға аударып бере қойды. Карантин кезіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатқанын осыдан-ақ көруге болады, – деді ол.

Өтегүл Қалқаманқызы жәрдемақыны екінші өтінімнен  кейін алғанын айтып, 42500 теңгенің түсуін тосып жүргендерді сабырға шақырды.

– Ең бастысы сабыр сақтап, күтіңіздер. Төтенше жағдайға байланысты шынымен де табысыңыздан айырылып, жұмысыңыз тоқтап қалса, онда жәрдемақы міндетті түрде беріледі. Мемлекет сын сағатта ешкімді далада қалдырмайды. Сондықтан уайымдамай, карантин талаптарын орындап, тосыннан келген сынақтан аман-есен өтуге, қалыпты өмірге оралуға әрқайсымыз атсалысайық, – дейді Ө. Қалқаманқызы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір