• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:03:01
Алматы
+35°

Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 

Агенттік жариялаған ақпаратқа қарағанда күдіктілерге Өскемен қаласында 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров сот күдіктінің біреуін 2 айға қамау туралы шешім шығарғанын айтты. 

"Олар Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв бойынша республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінің 300 орындық оқу корпусының құрылысы кезінде 380,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталды. Күдіктілер нақты жұмыстар атқарылмаса да, ол ақшаны мердігердің есепшотына аударған. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр" деді Биғайдаров бүгін өткен онлайн брифингте. 

Еске салсақ, екі қызметкері пара алды деген күдікке ілінген комитетті 2019 жылдың басынан бері Лондон Олимпиадасының чемпионы, боксшы Серік Сәпиев басқарады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір