• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:56:04
Алматы
+35°

Жағажай мен демалыс базалары жұмысын қайта бастайды.
Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Әсет Өтеғалиев мәлімдеді.
Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жұмыстары жүргізілуде.Осыған орай, облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысында 1 маусым күнінен бастап жеңілдетілетін карантиндік шаралар және жұмыстарын жандандыратын бірқатар кәсіпкерлік нысандарының тізімі жасақталды. Атап айтатын болсақ:
- Спорт залдардағы спорттық жаттығуларға жұмыс регламентін шектеусіз, ғимарат ішіндегі адам санын 30%-ға дейінгі сыйымдылықпен қамти отырып рұқсат етіледі;
- Қоғамдық тамақтану орындарына, кафелер мен ресторандарға (тойханаларды қоспағанда) 50 отыратын орыннан асырмай, эпидемияға қарсы шараларды және ара қашықтықты қатаң сақтай отырып сағат 23:00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі;
- Жағажай және демалыс базалары эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтай отырып жұмыстарын бастайды;
- Қоғамдық моншаларға және СПА орталықтарына ішіндегі адам санын 30%-ға дейінгі сыйымдылықпен қамти отырып жұмыс жасауына рұқсат беріледі;
- Сауда ойын-сауық орталықтары сағат 9:00 – 22:00 аралығында қызметтерін жалғастырады. Бірақ, кинотеатрлар мен балалардың ойың алаңдарына және мұз айдындарына уақытша рұқсат етілмейді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір