• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:36:32
Алматы
+35°

06 Маусым, 2020 NEWS

Шымкенттегі митинг: Ұсталған белсенділер кімдер?

Тұрғындардың біріне араша түспек болған кәсіподақ белсендісі болып жүрген Ерлан Балтабай ұсталған.

Көрнекі сурет

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері митинг өтетін орынды қоршауға алып, ешқандай ұран көтерместен сол жаққа қарай беттеген 15 адамды ұстап алып кеткен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың біріне араша түспек болған кәсіподақ белсендісі болып жүрген Ерлан Балтабай да ұсталған. Ұсталған азаматтарды Абай, Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімшесіне алып барған.

Сондай-ақ белсенді Мұрат Аштаев және Нұрлан Әбілдаевпен қосып бірнеше адам ұсталған.

Белсенділердің бірі "Жер сатылмасын", "Шал, кет!" деп айқайлады.

"Оларды неге ұстап жатырсыңдар?" деген аялдамадағы азаматтарды да полиция қызметкерлері ұстап алып кеткен.

Бүгін, 6-маусым күні Шымкент қаласынан бөлек Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында митингке шыққан бірнеше адам ұсталды.

Оқи отырыңыз:

♦Алматыда митингке шыққандарды полиция алып кетті



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: митинг шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір