• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:06:16
Алматы
+35°

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарасты «Ұлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығы» басқармасының төрағасы Арнұр Нұртаев вакцинация жасау үшін құрамына түрлі стабилизаторлар, инактиваторлар мен вирустарды қажет ететін өте күрделі биологиялық реакция қажет екенін айтты. Оның сөзінше, бұл –  вирусты инактивациялау үшін пайдаланылады. 

–  Тағы бір маңызды мәселе – вакцинадағы ізі бар формальдегидтер мөлшерінің аздығы сонша, сіз оны вакцинадан гөрі су немесе азық-түлік арқылы көптеп қабылдайсыз. Түрлі зерттеулер жүргізілмейді деген қате түсінік бар, зерттеу жиі жүргізіледі. Вакцина жасау кезінде қолданылатын түрлі заттар қауіпсіз. Қазақстанда қазіргі таңда вакцина сапасына қатысты бақылау тиісті дәрежеде емес дегенге айтарым, бүгінде Қазақстандағы зертхана еуропалық сапа стандартына сай келеді. Вакцина сапасы Еуропада қалай тексерілсе, бізде де дәл солай тексеріледі. Біз зертханада вакцинадағы барлық адъюванттар мөлшерін, формальдегидтер көрсеткішін саралаймыз және олардың мөлшері аз екенін нақты айта аламыз, - деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: вакцина екпе

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір