28 Шілде, 2020 NEWS

Асхат Аймағамбетов: Оқу ақысын көтермеуді сұраймын

Ашық дереккөз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО басшыларына биылғы оқу ақысын көтермеуді және қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беруді сұрады. 

– Пандемияның салдарынан студенттер оқу ақысын уақытылы төлей алмай отыр. Жалпы экономикалық ахуалды өздеріңіз көріп отырсыздар. Сондықтан ЖОО тараптарынан қолдау жұмыстары жүргізілу қажет деп санаймын. Осы тұста екі мәселеге тоқталғым келеді. Біріншіден, қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндіктерін қарастыруларыңызды сұраймын. Екіншіден, бізге келіп түскен ақпараттарға сәйкес, біраз ЖОО-лар қазір оқудың бағасын көтеруді жоспарлап отыр екен. Сондықтан бұл мәселе бойынша да сіздерге деген бір өтінішім бар. Қазіргі ахуалды ескере отырып, жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеуді сұраймын. Бұл – өте маңызды. Бұл мәселені қарастырып, тиісті шешім қабылдайды деп сенемін, – деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін министр ЖОО-ның ақылы бөлімінде оқитын студенттерге оқу ақысын арзандатуды мекеме орны өзі шешеді деп айтқан болатын.

Қыркүйек айында университеттер пен колледж студенттері қашықтан оқиды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір