• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:39:40
Алматы
+35°

NASA ғарышкерлері Даг Херли мен Боб Бейнкен екі ай ғарыш станциясында болғаннан кейін Жерге оралды.

SpaceX Dragon капсуласы Флорида шығанағы жағалауына құлады.

Экипаж миссиясының сәтті аяқталуы – америкалық ғарыш агенттігі үшін жаңа дәуірдің басталғанының белгісі.

Бүгіннен бастап ғарышты бағындыруда SpaceX сияқты жеке компаниялар үлкен рөл ойнай бастайды.

Мемлекеттік агенттіктің мәлімдеуінше, компаниялармен ынтымақтастық арқылы миллиардтаған долларлар үнемделеді, бұл Ай мен Марсқа ғарышкерлерді жіберуге жол ашады.

Херли мен Беннкеннің капсуласы EDT уақытымен 14:45-тен кейін (Алматы уақытымен 00:45) көп ұзамай теңізге түсті.

Бұған дейін NASA ғарышкерлерінің жерге оралатынын хабарлаған болатынбыз. 30 мамырда NASA және SpaceX компаниясы екі ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына жіберген. Ол күн "Америкалық ғарыштық бағдарламаның жаңа дәуірі басталған күн" деп сипатталған. Өйткені NASA ғарышкерлері АҚШ топырағында 2011 жылдан бері ғарышқа ұшпаған. 2011 жылдан бастап олар ғарышқа Байқоңырдан ұшып келген.

Ұшырылым сәтті болғаннан кейін, ғарыш кемесінің Қазақстаннан өткен сәтінің видеосын жариялаған болатынбыз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: NASA оралды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір