• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:01:09
Алматы
+35°
Бұл өңірдегі күнбағысты өңдеуге 100% мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарын ашып, облыстағы май дақылдарының түр-түрін көбейтуге септігін тигізеді.
Семейдегі май экстрациялау зауытының қуаттылығы күніне 1000 тонна күнбағысты өңдеуге  жетеді. 
Бұдан бөлек Глубокое ауданындағы екі ірі цех пен Шемонаиха ауданындағы қайта өңдеу кәсіпорыны қолданысқа берілмек. Бұл Шығыс Қазақстандағы егін алқаптарының сапасын қайта қарау керектігін білдіреді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен бірлесіп, қысқа уақыт ішінде май дақылдарының егістік алқабын арттырудың жоспарын жасауды тапсырды. Жоспарға күнбағыстан бөлек, соя, рапс және зығыр сынды тағы басқа дақылдар кіруі керек. Май дақылдарының мұндай түрі Шығыс Қазақстанда көбірек пайдаланылмайды. Бірақ қолға алынып жатқан шаралар кешені өңірдегі май дақылдарын өңдеу ісін оң жолға қояды.
Бүгінде елімізде өндірілетін күнбағыс өнімінің 66% Шығыс Қазақстанның үлесінде екенін айта кеткен орынды. Май дақылдарының 23% құрайды. Бұл санды арттырып, майдың түрлерін шығару өз қолымызда. Салынып жатқан кәсіпорындар Алтай аймағынан  экспортқа жайын өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.
- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тиімділігін арттыру керек, - деді Даниал Ахметов. - Соя, жүгері сынды өнімдердің алқабын көбейту қажет. 2025 жылға қарай біз соя алқабын 7 есе, жүгері алқабын 5 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз.
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Сондықтан егіс алқаптарының аумағын сауатты түрде бөліп, заманауи өңдеу технологиясын енгізіп, нарық талабына сай келетін өнім шығару керек. Шығыс Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені жоғары потенциалға ие. Оны әрі қарай дамытуға бар күшімізді салу керек.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір